Қоғам

Жолаушылар пойызында әйелдерге гүл мен сыйлық табысталды

© Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2024
Жазылу
8 наурыз мерекесіне арнайы безендірілген пойыздар жолға шықты
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Халықаралық әйелдер күніне орай елордалық теміржол вокзалының перроны мен пойыздарда жүзден астам әйел жолаушыға гүлдер мен сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Әйелдер қауымына саксофон әуені мерекелік көңіл-күй сыйлап, ал пойыздың ішінде дауыс ұлғайтқыш арқылы тілектер айтылды. Сыйлық алған әйелдер қауымы жылы лебізін білдіріп, жолсеріктерге алғыс айтты.
Сондай-ақ, бұл күні еліміз бойынша 8 наурыз мерекесіне арнайы безендірілген пойыздар жолға шықты.
"Ұлттық тасымалдаушы мереке күндері нәзік жандарды жыл сайын құттықтауды жақсы дәстүрге айналдырып отыр. Барлық облыста жолаушы әйелдерді құттықтау шаралары өткізілуде", - делінген хабарламада.
Айта кетері, жыл сайын "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарында орта есеппен 13 миллионнан астам жолаушы қатынайды, олардың ішінде жартысы әйелдер қауымы.
Продажа цветов к 8 Марта - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2024
Ресейде барлық жұмыс берушіні 8 наурызда әйелдерге сыйлық беруге міндеттеу ұсынылды
Жаңалықтар
0