Қоғам

Бір тәулік бойы ұйықтамаған: елдің батысында жүргізуші жол апатынан көз жұмды

© Photo : Pixabay / Pexels Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2024
Жазылу
Апат салдарынан екі көлік те өртеніп кеткен
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Доссор – Құлсары – Бейнеу тас жолында жол апатынан қаза тапқан жүргізуші 24 сағат бойы көз ілмей көлік жүргізген, деп хабарлайды Атырау облысының полиция департаменті.
Полицейлердің мәліметінше, 9 наурыз күні сағат 07:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 74-ші шақырымында ГАЗель мен КамАЗ соқтығысқан. Апат салдарынан екі көлік өртеніп кеткен. 24 жастағы "ГАЗель" жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Көліктерді және жол апатының салдарын тексеру, "Кибер-Шериф" құрылғысының көмегімен көліктердің жүру уақытын зерделеу барысында ГАЗель жүргізушісі "Ақтау – Орал", "Орал – Атырау" бағыттары бойынша 24 сағат демалыссыз көлік жүргізгені анықталды.
Осыған байланысты полицейлер жол ережесін сақтауды ескертеді.
"Көлік жүргізу кезінде физикалық дайындық маңызды, ұзақ сапарларда маршрут бойындағы кемпингтерде демалу керек. Жүргізушілер өзінің және өзгелердің денсаулығы мен өміріне жауапты екенін есте ұстағаны жөн", - деп атап өтті ведомстводағылар.
Ақтөбеде жол-көлік апатынан соң қылмыстық іс қозғалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам көз жұмды - қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар
0