"Баланы ата-анасынан тартып алады": министрлік желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуМалыш на плечах у взрослого, архивное фото
Малыш на плечах у взрослого, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2024
Жазылу
Отбасылардан балаларды тартып алуға қатысты барлық ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды оқу ағарту министрлігі
АЛМАТЫ, 17 наурыз - Sputnik. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде білім беру, балалардың құқықтарын қорғау және әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әзірленген екі заң жобасында отбасылардан балаларды мемлекеттік органдардың тартып алып қоюына мүмкіндік беретін нормалар бар деген жаңсақ ақпарат таратылуда.

Отбасылардан балаларды тартып алуға қатысты барлық ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды оқу ағарту министрлігі.
"Қаралып отырған заң жобаларында және мәжілістегі басқа да заң жобаларында балаларды отбасылардан тартып алынуына қатысты бірде-бір норма жоқ. Мемлекеттік саясат: баланың туған отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етуге және балаларды тәрбиелеу мен қауіпсіздігін сақтау мәселелерінде ең алдымен ата-аналарға басымдық беруге бағытталған", - делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, мемлекет үнемі өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға арналған тиімді шаралар қабылдап келеді.
"Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар, құрылған психологиялық және отбасын қолдау орталықтарының жұмысы шеңберінде осындай отбасыларға тұрақты түрде көмектер көрсетілуде. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің міндеті - әр баланың барынша туған отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын жүзеге асыр", - деп хабарлайды ведомстводағылар.
Айта кетері, баланың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде оның құқықтарын қорғау қолданыстағы заңнамаға сәйкес және нақты қауіп туындаған кезде ғана жүзеге асырылады.
Жаңалықтар
0