Досрочное голосование на выборах президента РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Ресей президентінің сайлауы - 2024
2024 жылдың 15-17 наурызында Ресейде президент сайлауы өтеді. ОСК мемлекет басшысы лауазымына кандидат ретінде төрт үміткерді тіркеді. Дауыс беру учаскелері Ресейдің дипломатиялық және консулдық өкілдігі бар барлық елде ашылды. Қазақстандағы ресейліктерге де дауыс беру үшін мүмкіндік жасалды.

РФ президентінің сайлауына келушілер саны 2018 жылғы көрсеткіштен асты

© Sputnik / Санат ИмангалиевГраждане России голосуют в Астане на выборах президента РФ
Граждане России голосуют в Астане на выборах президента РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2024
Жазылу
14.00-ге дейін Ресей Федерациясының президентін сайлауға жалпы қатысу 2018 жылғы сайлау көрсеткіштерінен 67,54% - тен асты
АСТАНА, 17 наурыз - Sputnik. Ресей Федерациясының президентін сайлауға сайлаушылардың келуі жалпы Мәскеу уақытымен 14.00 жағдай бойынша 66,08% құрайды. Бұл туралы жексенбіде Ресей Федерациясының ОСК ресми сайтында жарияланды.
2018 жылы Ресей президентінің сайлауында, дауыс беруге келгендер саны Мәскеу уақытымен 10.00-де 16,55% болды, Мәскеу уақытымен 12.00-ге 34,72%, 17.00-де 51,9% болды.
14.00-ге дейін Ресей Федерациясының президентін сайлауға жалпы қатысу 2018 жылғы сайлау көрсеткіштерінен 67,54% - тен асты.
Федерация кеңесі президенттік сайлауды 2024 жылдың 17 наурызына тағайындады. Дауыс беру 15, 16 және 17 наурыз - үш күнге созылады.
Жаңалықтар
0