Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял верительные грамоты послов ряда государств
Касым-Жомарт Токаев принял верительные грамоты послов ряда государств - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2024
Жазылу
Қазақстан президентіне сенім грамотасын алты мемлекеттің төтенше және өкілетті елшісі тапсырды
АСТАНА, 19 наурыз - Sputnik. "Ақорда" резиденциясында алты мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял верительные грамоты послов ряда государств
Касым-Жомарт Токаев принял верительные грамоты послов ряда государств - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2024
Касым-Жомарт Токаев принял верительные грамоты послов ряда государств
Сенім грамоталарын Мысыр Араб Республикасының елшісі Ибтиссам Ракха Ахмед Хасан, Сербия Республикасының елшісі Владимир Йовичич, Люксембург Ұлы Герцогтігінің елшісі Томас Райзен, Австралия елшісі Джон Уильям Гиринг, Колумбия Республикасының елшісі Эктор Исидро Аренас Нейра, Сирия Араб Республикасының елшісі Башар Джафари тапсырды.
Мемлекет басшысы дипломаттарды еліміздегі миссияларының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанның бейбітсүйгіш әрі конструктивті сыртқы саясат ұстанатынына назар аударды.
"Біз барлық елмен, ең алдымен, көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, жақсы қарым-қатынас жасағымыз келеді. Бұл жолдың табысты болатынына сенімдімін. Біз әртүрлі бағытта, соның ішінде экономика, инвестиция салаларында және саяси диалог тұрғысында ықпалдастықты нығайту үшін қолдан келген шараның бәрін жасаймыз. Қазақстан сіздердің халықаралық аренадағы сенімді серіктестеріңіз болатынына сендіргім келеді", – деді президент.
Тоқаев елшілерге табыс тілеп, оларға өз міндеттерін атқару барысында Қазақстан үкіметі тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ президент олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.
Жаңалықтар
0