Степногорскте полициядан қашқан жүргізуші бетпе-бет соқтығысты - 3 адам көз жұмды

© Photo : Рixabay/Kira Hoffmann Трещины на стекле, архивное фото
Трещины на стекле, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2024
Жазылу
Полиция қызметкерлері көлікті тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Степногорск қаласында полициядан қашқан джиптің иесі тас жолда қарсы бағытта келе жатқан көлікпен бетпе-бет соғысты. Оқиға орнында үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 23 наурызда қаланы аралап жүрген патрульдік полиция экипажы Toyota Land Cruiser көлігін тоқтатқысы келген. Бірақ джиптің иесі тәртіп сақшылардың талабына бағынбай, ауланың ішімен қаша бастайды.
Джип қаланың ішінде бір көлікті соғып кетеді. Иесі сонда да тоқтамай, Заводской кентіне баратын тас жолға шығып кеткен.
"Полиция қызметкерлері көлікті тоқтату үшін қызметтік қаруды қолдануға мәжбүр болды", - дейді департамент мамандары.
Тәртіп сақшылары алдымен аспанға, одан кейін джиптің доңғалағына бірнеше рет оқ атты. Бірақ иесі тоқтаған жоқ. Сосын қарсы бақытқа шығып кетіп, "Ауди В4" көлігімен бетпе-бет соқтығысады. Көлікте үш адам – жүргізуші және екі жолаушы болған. Үшеуі де оқиға орнында қайтыс болды.
Жолдың жиегіне ұшып кеткен джип өртке оранды. Бірақ иесі қатты зардап шеккен жоқ. Сот-медициналық сараптама оның мас болғанын растады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
0