Павлодарда балабақша директоры мен бухгалтері сотталды

© Photo : Esi GrünhagenРебенок играет
Ребенок играет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2024
Жазылу
Олар жеті жыл бойы бюджет қаражатын жымқырған
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Павлодарда балабақша директоры мен бухгалтер балаларға арналған 63 миллион теңгені жымқырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
62 жастағы әйел зейнетке шықса да, бөбекжайдың директоры болып істеген. Бухгалтер екеуі жеті жыл бойы бюджет қаражатын жымқырған.
Тергеу материалдарына сәйкес, балабақша басшылығы бірнеше штаттық қызметті бекітіп, жалақының үстінен тағы ақша қосып отырған. Зейнетақы мен медициналық сақтандыру жарналарын да төлеген.
Сот шешімімен балабақша директоры мен бухгалтері жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Қазіргі кезде зейнеткер әйел Абай облысындағы № 23 түзеу мекемесінің карантиндік бөлімінде отыр. Өз ісіне өкініп, ұрлаған ақшаның жартысын қайтарды. Енді жұмысқа тұрып, жақындарына көмектесіп, артылған ақшаны талап арызды төлеуге жұмсамақ.
Ал бухгалтер үшін жазаны өтеу мерзімі бес жылға шегерілді. Себебі асырауында бес жасар қызы бар.
Жаңалықтар
0