Алматының орталығындағы саябақ мемлекетке қайтарылды

© Photo : Официальный канал акимата АлматыВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
Жазылу
26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырды
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Алматы қаласының прокуратурасы қала орталығындағы саябақты қайтарды.
Көпқабатты тұрғын үй салу үшін заңды тұлғаға 2,8 гектар жер телімін заңсыз беру фактісі анықталды.
"Талдау көрсеткендей, 2007 жылы жергілікті атқарушы орган Алматы қаласының Бас жоспардың ережелерін және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын елемей, заңды тұлғаға саябақ аймағы қарастырылған учаскеге жеке меншік құқығын берген. Кейіннен бұл жер шамамен 2,3 миллиард теңге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін тәркіленді", - делінген хабарламада.
Уәкілетті орган қадағалау актісін орындау үшін Алматы қаласы әкімінің қаулысын және одан кейінгі азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді. 26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырды.
Жаңалықтар
0