Білім

Елімізде WorldSkills чемпионатының өңірлік кезеңдері басталады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2024
Жазылу
Жеңімпаздар қараша айында өтетін "WorldSkills Kazakhstan 2024" ұлттық чемпионатына қатысады
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. 1 сәуірде WorldSkills чемпионатының аймақтық кезеңдері басталады. Эстафетаны бірінші болып Павлодар облысының колледж студенттері бастайды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Колледжішілік жарыстардың 243 қатысушысы 50 түрлі салада өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Өңірлік чемпионаттың нәтижелері осы жылдың мамыр айында белгілі болады.
"Жарыстың өңірлік кезеңі еліміздің барлық 20 аймағында өтеді. Жеңімпаздар биыл қараша айына жоспарланған "WorldSkills Kazakhstan 2024" ұлттық чемпионатына қатысады", - делінген хабарламада.
Бірінші және екінші орын жүлдегерлері дайындықтың келесі кезеңіне жолдама алып, үш ай бойы оқу-жаттығу лагерьлерінде өз дағдыларын жетілдіреді. Кезең жеңімпазы ұлттық құраманың сапында, Данияда өтетін EuroSkills 2025 Еуропа чемпионатына ел намысын қорғауға аттанады.
Министрліктің ақпаратынша, қазір өңірлік чемпионаттарды өткізуге дайындық жүріп жатыр. Астанада WorldSkills Kazakhstan Бас ассамблеясының отырысы өтті. Іс-шараға барлық өңірден келген техникалық делегаттар мен ассистенттер, сондай-ақ бейінді ведомство өкілдері қатысты.
Техникалық комитет WorldSkills жарыстарын өткізудің жаңа ережелері туралы шешім қабылдады. Бұл ережелерге мыналар кіреді: қатысушылардың жас шектеуін 21 жасқа дейін төмендету (бұрын 22 жас болған); қатысушыларды бағалайтын сарапшылар үшін қатаң жазалар; кем дегенде 70% нәтижемен сынақтардан сәтті өткен сарапшылар ғана жарысқа қатыса алады, деп атап өтті ведомстводағылар.
Айта кетері, WorldSkills Kazakhstan Бас ассамблеясы қазақстандық қозғалыс аясындағы жоғары басқару органы саналады.
Робот-сапер за работой - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2024
Семейлік оқушылар жүк көтеретін робот жасап шығарды
Жаңалықтар
0