"Қазақтелеком" мен "ЭйрАстана" әкімшілік жауапқа тартылды

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание АО "Казахтелеком"
Здание АО Казахтелеком - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2024
Жазылу
Қазіргі уақытта бұл ұйымдарда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін анықтау және болдырмау мақсатында тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. "Қазақтелеком", "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры", "Эйр Астана" акционерлік қоғамдарына ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, деп хабарлайды цифрлық даму министрлігі.
Ақпан айындағы жеке деректердің тарап кетуіне қатысты аудит нәтижелері белгілі болды.
"Биыл 16 ақпанда қазақстандықтардың 2019-2022 жылдардағы жеке деректері туралы белгісіз біреулер GitHub ресурсында хакерлер топтарының бірінің материалдарын жариялады. Жарияланған ақпаратта қазақстандық байланыс операторларының абоненттері туралы ресми ақпараттары бар, сонымен қатар "Қазақтелеком" АҚ, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ, "Эйр Астана" АҚ аталды", - дейді ведомстводағылар.
Министрлік "Қазақтелеком", "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры", "Эйр Астана" акционерлік қоғамдарына ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізді.
"Нәтижесінде "Қазақтелеком" және "ЭйрАстана" акционерлік қоғамдарындағы 2 заңды тұлға "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 641-бабының 1-бөлігі 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтарды жою үшін бір жыл мерзімге нұсқама берілді. "БЖЗҚ" АҚ бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ", - дейді министрлік.
Қазіргі уақытта бұл ұйымдарда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін анықтау және болдырмау мақсатында тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0