Тоқаев Смайыловты жаңа қызметке тағайындады

© Sputnik / Санат ИмангалиевӘлихан Смайылов
Әлихан Смайылов - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайыловты жаңа қызметке тағайындады, деп хабарлады Ақорда.
"Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына тағайындалсын", - деп жазылған хабарламада.

Смайыловтың өмірбаяны

Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы Алматыда дүниеге келген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдайды. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алады.
Әр жылдары қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" Ұлттық холдинг президенті, статистика агенттігінің төрағасы, Қазақстан президентінің көмекшісі, қаржы министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
2022 жылы қаңтарынан 2024 жылдың ақпанына дейін премьер-министр болды.
Жаңалықтар
0