Визасыз режим: Қытайдың қанша азаматы Қазақстанға келді

© AFP 2024 / FRED DUFOURҚытайлықтар
Қытайлықтар - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2024
Жазылу
Визасыз режим күшіне енген 10 қарашадан бері Қазақстанға Қытайдың 126 мың азаматы кірсе, 173 мың қазақстандық Қытайға барған
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Қытаймен визасыз режим енгізілгелі бері көрші елден Қазақстанға 126 мың турист келген. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылғы 10 қарашада күшіне енді.
"Өздеріңіз білесіздер, біз Қытаймен визасыз режим енгіземіз деген кезде қаншама халық шулап, әлеуметтік желілерді ашып қалсаң "Қытай жаулап алады, еліміздің қауіпсіздігі қайда? мемлекет қайда қарап отыр?" деген ұрандар болған. Десе де былтыр 10 қарашада күшіне енген визасыз режим туралы келісім өз нәтижесін беріп жатыр. Статистикаға сүйенсек, 10 қарашадан бері Қазақстанға Қытайдың 126 мың азаматы кірсе, 173 мың қазақстандық Қытайға барған", - деді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
СІМ ресми өкілі өзі де жуырда Қытайдан оралғанын атап өтті. Айтуынша, ұшақтың іші Қазақстан азаматтарына толы болған. Отандастарымыздың дені Қытайға турист ретінде барған, кейбірі медициналық қызмет алу, оқу мәселелерімен сапарлаған.
"Біз визасыз елдердің тізімін ұлғайтуға тырысамыз. Көпшілікке бұл ұнайды деп үміттенемін, жыл соңына қарай көре жатарсыздар", - деді ол.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2023
Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим бүгіннен бастап күшіне енді
Жаңалықтар
0