Қазақстанның алты облысында тасқынға байланысты жолдардағы көлік қозғалысы шектелді

© Sputnik / Елена БережнаяПаводок побил рекорды нескольких лет в СКО
Паводок побил рекорды нескольких лет в СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2024
Жазылу
Жалпы ұзындығы 5825 метрді құрайтын тоғыз учаскеде жолдарды су басты
АСТАНА, 10 сәуір - Sputnik. Қазақстанның алты облысында су тасқыны салдарынан жолдардағы көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
10 сәуір күні сағат 18.00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың кенеттен еруіне байланысты Ақмола, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалпы ұзындығы 5825 метрді құрайтын тоғыз учаскеде еріген су жолға жайылып кетті.
Алты облыста, атап айтқанда, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында ұзындығы 658 шақырымнан асатын республикалық маңызы бар 14 тас жолда көлік қозғалысы шектелді.
Жолдардағы жұмыстарға 726 техника мен 1713 адам жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0