Республикалық маңызы бар жолдың жеті учаскесін су басты

© Sputnik / Павел Львов Паводки, иллюстративное фото

Паводки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жеті учаскесін су басты, деп хабарлайды Қазавтожол.
"12 сәуірдегі жағдай бойынша ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан төрт облыста 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8695 метр болатын су тасқыны орын алды", - делінген хабарламада.
Мына төрт облысың жеті учаскесінде су жолға жайылды:
Ақмола,
СҚО,
Атырау,
Қостанай
6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында (ұзындығы 618 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазавтожолдың мәліметінше, республикалық жолдарда 450 бірлік техника мен 853 адам жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтар
0