Азия чемпионаты: Азамат Дәулетбеков ел қоржынына алғашқы "алтынды" салды

© Olympic.kzАзамат Даулетбеков
Азамат Даулетбеков - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2024
Жазылу
Жекпе-жек 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Еркін күрестен Қазақстан құрамасының үздігі Азамат Дәулетбеков қатарынан үш дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлады ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті.
86 келіде сынға түскен Азамат Дәулетбеков финалда өзбекстандық Жабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді.
Осылайша, өз салмағында үш дүркін Азия чемпионы атанды.
Бұған дейін Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатынан бөлек, әлем біріншілігінде екі рет қола жүлдегер атанған.
Илья Мизерных Канвондағы жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2024
Спорт
Тарихи алтын: қазақстандық спортшы жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанды
Жаңалықтар
0