Иран-Израиль қақтығысы: Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер зардап шеккен жоқ

© Sputnik/Ертай СарбасовМиротворцы
Миротворцы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 14 сәуір - Sputnik. Қорғаныс министрлігі Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлердің зардап шекпегенін хабарлады.
"Голан жоталарында БҰҰ бітімгерлік миссиясын орындап жатқан қазақстандық контингент қалыпты режимде жұмысты жалғастыруда. Жеке құрамның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетері, Иран Израильге қарай ондаған зымыран мен 200-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырды.
Бұл қақтығысқа 1 сәуірде Дамаскідегі Иран консулдығына жасалған әуе шабуылы себеп болды. Жарылыс салдарынан Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бірнеше қолбасшысы, оның ішінде екі генерал қаза тапқан еді.
Жаңалықтар
0