Су тасқыны: қазіргі уақытта өңірлердегі жағдай қандай

© AFP 2024 / EVGENIY LUKYANOVМасштабные паводки в Казахстане весной 2024 года
Масштабные паводки в Казахстане весной 2024 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2024
Жазылу

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты
АСТАНА, 14 сәуір - Sputnik. Қазақстанда су тасқынының зардаптарын жою жалғасуда, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі. Оның ішінде су тасқынына қарсы іс-шаралар мен апатты-құтқару жұмыстары, еріген суды сору, инертті материалдары бар қаптарды төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағалау жұмыстарын жүргізу, адамдарды ескерту және қауіпсіз жерлерге көшіру туралы айтты.
Зардап шеккен аймақтарға 1400 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.
Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 4870 жеке тұрғын үй мен 1264 аула аумақтары су астында қалып отыр. 9,3 миллион шаршы метр астам еріген су сорылып, 1,9 миллион қап пен 1,2 миллион тонна инертті материал төселді. 3402 тұрғын үй мен 2041 аула аумақтарынан су бұрылды.
Су тасқыны басталғаннан бері 107 119 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның 38 457-сі балалар. Жұмылдырылған ұшақ 3458 адамды, оның ішінде 1138 баланы құтқарды. 11 674 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналастыру орталықтарында 7414 адам болса, оның 3173-і балалар. 103 146 ауыл шаруашылығы малдары қауіпсіз жерге айдалды.
"Еріксіз жыладым": құтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
Жедел желіге 1618 қоңырау түсіп, психологтар зардап шеккендерге жедел психологиялық көмек көрсетуде.
103 жолда су тасу, 109 жолды шайып кету, оның ішінде 9 көпір және 100 жол төсемі бақылауда тұр. Бақылауда көлік қатынасы жоқ 84 елді мекен бар, оларда жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс жасап, қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.
Ақмола облысында Жабай, Колутон, Есіл өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан Астрахан ауданының бірнеше ауылында, Атбасар ауданының Самарқа ауылында су басу қаупі туындап, жеке тұрғын үйлерді су басып қалды. 242 адам алдын ала эвакуацияланып, эвакуациялау пункттеріне және туыстарына орналастырылды. Су тасқынын жою және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Өзен деңгейі бақылауда.
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Петропавл қаласындағы Подгора және Хромзавод шағын ауданында, Қызылжар ауданының Тепличное, Бескөл, Прибрежное ауылдарында, 1068 жеке тұрғын үйді су басты. Алдын ала 3684 адам эвакуацияланды. Су тасқынын жою және эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.
Ақтөбе облысында Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданындағы Мамыр, Нұра және Белшер елді мекендерінің тұрғындарын әуе көлігімен алдын ала көшіру жұмыстары жүргізілді. Барлығы 121 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Нұра, Мамыр, Жайсаңбай және Тәуіп елді мекендерінде жағаны қорғау жұмыстары жалғасуда.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2024
"Нан таппай қалдық": су басқан Құлсарының тұрғыны оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Жаңалықтар
0