Тоқаев пен Пашинян бірлескен мәлімдемеге қол қойды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев провел переговоры с Пашиняном
Токаев провел переговоры с Пашиняном - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бірлескен мәлімдемеге қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан президентінің Ереванға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісім;
3. 2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;
4. Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының авиациялық биліктері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы әкімінің аппараты мен Армения Республикасы Армавир облысының Әкімшілігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
6. Қазақстан Республикасының Шымкент қаласы мен Армения Республикасының Ванадзор қаласы арасындағы ынтымақтастық және бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасы;
9. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Армения Республикасының Жоғары технологиялық индустрия министрлігі арасындағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Астана мен Ереван арасындағы бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум.
Жаңалықтар
0