Полиция адамдар көп жиналатын нысандарды тексеріп жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевПолицей формасы
Полицей формасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Жазылу
Жыл басынан бері 525 басшы мен меншік иесіне заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Ішкі істер органдары террористік тұрғыдан осал объектілерде, оның ішінде сауда және ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық тамақтану орындарында және басқа да нысандарда жоспарлы тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.
Бүгінгі таңда террористік шабуылдарға осал деп танылған адам көп жиналатын 17 мыңнан астам нысан аймақтық тізімдерге енгізілді.
"Жыл басынан бері осы санаттағы 1 723 объект тексерілді, анықталған заң бұзушылықтар бойынша 525 басшы мен меншік иесіне оларды жою туралы нұсқама берілді", - деп жазылған хабарламада.
Тексеру барысында қызметкерлердің білімі мен дағдылары, сондай-ақ әртүрлі дағдарыс жағдайларындағы іс-қимылдар бойынша объектілерді күзету деңгейі қаралады. Сондай-ақ аталмыш нысандардың 36 мыңнан астам қызметкеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Айта кету керек, су тасқынына байланысты Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының жекелеген қалалары мен аудандарында тексеріс уақытша тоқтатылды.
Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесті
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2024
Әлемдегі жағдай жақын арада жақсара қоймайтын сияқты – Тоқаев
Жаңалықтар
0