Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда су тасқыны күшейеді деген болжам бар

© AFP 2024 / EVGENIY LUKYANOVАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2024
Жазылу
Қазіргі таңда Сергеев су қоймасы 166 процентке суға толған
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстанда су тасқынының екінші толқыны болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан аймақтың ақпараттық-талдау тобына сілтеме жасап.
Топтың бас маманы Жазира Қожахметованың айтуынша, қазіргі кезде Сергеев су қоймасы 166 процентке суға толды.
"Су 348 сантиметр деңгейінде болған. Су тасқынының екінші толқыны келе жатыр", - дейді Қожахметова.
Бүгінде Петропавл қаласынан және Қызылжар ауданынан шығарылған адамдар эвакуациялық пункттерде орналасты. Пункттер университет пен колледж жатақханаларында ашылған.
"Осы уақытқа дейін 700-ден астам адам үйіне оралды. Олардың ішінде 200 бала бар. Қазіргі кезде 13 мыңнан астам адам эвакуацияланған", - деп атап өттіі ақпараттық-талдау тобының бас маманы.
Су сору жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2024
Өңірлер
Су тасқынының бірінші толқынынан кейін 22 мың адам үйлеріне оралды
Жаңалықтар
0