Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы екі апта қатарынан төмендеді

© Sputnik / Алексей ДаничевАзық-түлік
Азық-түлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2024
Жазылу
Еліміздің сегіз өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа баға индексі төмендегені байқалып отыр
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Статистика әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының екі апта қатарынан төмендегенін көрсетті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Сәуірдің екі аптасындағы бағаның жалпы өсу индексі: -0,2%-ды құрады. Осылайша, пияз (-2,6%), күнбағыс майы (-1,6%), қарақұмық жармасы мен жұмыртқа (-1%), күріш (-0,5%), рожки (-0,2%) арзандады.
Сиыр етіне орташа баға индексінің өсуіне (0,6%) негізінен Ақтөбе облысындағы өнім құнының қысқа мерзімді қымбаттауы себеп болды, онда тасымалдаушылар етті барлық өткізу орындарына дер кезінде жеткізе алмаған.
"Еліміздің сегіз өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа баға индексі төмендегені байқалып отыр, оның алтауында нөлге тең. Ақтөбе облысында (0,8%-ға), Маңғыстау, БҚО (0,2%-ға), Атырау, Қарағанды және Абай облыстарында (0,1%-ға) баға біршама көтерілген"", — деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.
Алдын ала есептеулер бойынша өңірлерде 130 сауда нысанына зақым келіп, Павлодар облысының бір кәсіпкеріне келтірілген шығын өтелді. Қалғандары бойынша шығынның мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
"Петропавлға Көкшетау, Астана, Қарағанды және Омбы қалаларынан ауыз су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. "Көкшетауминсу" мекемесімен тәулік бойы ауыз су құю туралы келісім жасалды. Қазіргі таңда Петропавл қаласының барлық дүкені мен қоймалары сумен қамтылған", — деді Айжан Бижанова.
БҚО-да "Ел-Ырысы" базарының аумағында тұрақтандыру қорының 293 тонна күріш, 100 тонна қант, 46 тонна күнбағыс майы сақталған. Қойма су басудан қорғалған.
СҚО-да, ӘКК мәліметінше, көкөністердің негізгі қоры сатылды, қалғаны су басу қаупі жоқ қоймаларда сақталады.
"БҚО-дағы азық-түлік қорлары бар қойманы су басу қаупі аз болса да, қауіпсіз орын тауып, азық-түлікті әкету керек. Аздаған қауіп байқалған барлық өңірде азық-түлік өнімдері қауіпсіз жерге жеткізілуге тиіс", — деп мәлімдеді вице-премьер.
АШМ мәліметінше, өңірлерде тұрақтандыру қорларынан 77,5 мың тонна (42,8 мың тонна картоп, 11 мың тонна сәбіз, 13,3 мың тонна пияз, 10,3 мың тонна қырыққабат) сатылды. Тағы 84,8 мың тонна көкөніс қалды. Зардап шеккен өңірлерде тамақ өнімдерін жеткізуде іркіліс байқалмайды. Көкөніс қоймаларын, ӘКК қоймаларын су басу туралы ақпарат әлі түскен жоқ.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, бүгінде қоймаларда шамамен 37 мың тонна пияз қалып отыр. 2024 жылдың бірінші тоқсанында экспортқа 162 мың тонна, сәуірде 11 елдерге 22 мың тонна жөнелтілді. Су тасқынынан зардап шеккен бес облысқа 241 тонна пияз гуманитарлық көмек ретінде жөнелтілді.
Бұл көкөністі жылдам сату үшін облыс және аудан орталықтарында әр сенбі сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі, онда төмен бағамен шамамен 10-15 тонна пияз сатылады.
Жаңалықтар
0