Оралда полицей өзенге батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент встретился с эвакуированными жителями СКО
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Әлеуметтік желілерде БҚО-да су басқан аумақтан бір азаматтың өзен ағысына қарсы тұра алмай, батып кете жаздаған видеосы тарады. Тұрғынды полиция қызметкері Амиржан Бирлесов құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Суға кете жаздаған тұрғынды аман алып қалған азамат – полиция қызметкері Амиржан Бирлесов. Оған Ұлттық ұлан қызметкерлері, еріктілер, және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көмектесті.
"Тасқын қауіпі төнген күннен бастап полиция, құқық қорғау қызметкерлері, әскерилер, Ұлттық ұлан сарбаздары және төтеншеліктер су басу қауіпі бар аймақтардағы азаматтарға, су ағысымен кете жаздаған ер адамға да бірнеше рет ескерту жасалған. Өзіңіздің және туыстарыңыздың өмірін қатерге тікпеңіз!, – деп атап өтті БҚО бойынша ПД бастығы Арман Оразалиев.
Жаңалықтар
0