Астанада тағы 40 жаңа автобус жолға шықты

© Sputnik / Ксения ВоронинаАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2024
Жазылу
Олар № 44, 10, 9, 7 бағдарларына жіберілді
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Астана тұрғындары мен қала қонақтарына қызмет көрсету үшін елорда көшелеріне 18 метрлік жаңа 40 автобус шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұған дейін CTS баспасөз қызметі наурыз айында елорданың қоғамдық көлігінің жылжымалы құрамы 18 метрлік жаңа 40 автобуспен толығатыны және ресімдеу, жабдықты орнату жұмыстары аяқталғаннан кейін қала бағдарларына қосылатыны туралы хабарлаған болатын.
"Осы 40 автобус дайын болды және олар № 44, 10, 9, 7 бағдарларына жіберілді", - делінген CTS баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оның ішінде 16 автобус № 44 бағдарға жіберіліп, бағдардың жылжымалы құрамы толықтай 18 метрлік автобустарға ауыстырылды. 14 автобус № 7 бағдарға жіберілсе, қалған автобустар № 9 және № 10 бағдарларына бөлінді.
Жаңалықтар
0