Көлік құралдарын тіркеу және жүргізушілерді даярлау ережесі өзгерді

© Photo : "Правительство для граждан"АвтоЦОН
АвтоЦОН - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2024
Жазылу
Енді жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. 23 сәуірден бастап еліміздің мамандандырылған ХҚКО-ларында көлік құралдарын тіркеу кезінде көлікті сатып алу-сату шарттарын нотариалды куәландыруды міндетті түрде қабылдайды. Бұл ретте мәміленің жазбаша нысаны жойылады, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет".
"Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, егер азаматтар қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мәмілелерін нотариалды куәландырғысы келмеген жағдайда, олар екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы көлік құралын онлайн қайта рәсімдей алады.
Сонымен қатар 23 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады. А және В, сондай-ақ А1 және В1 санатындағы куәліктерге үміткер жүргізушілердің өзін-өзі даярлау арқылы емтихан тапсыруына мүмкіндік беретін тармақтар емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларынан алынып тасталды.
Енгізілген жаңашылдықтар көлік құралдарын тіркеу және есепке алу, сондай-ақ жүргізушілерді даярлау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енуінің арқасында мүмкін болды. Бұл әкімшілік процестердің тиімділігін арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет.
Өзгерістер "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасы заңының ережелеріне негізделіп, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен әзірленді. Қағидаға барлығы 53 түзету енгізілді.
Түзетулер жария талқылаудан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтті және ІІО мен "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңес мақұлдады.
"Азаматтарға арналған үкімет" барлық көлік иелері мен жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерді жаңа ережемен танысуға кеңес береді.
Жаңартылған ережелердің толық мәтінімен порталда танысуға болады.
Жаңалықтар
0