Биыл елімізде 60 млрд текше метр газ өндіріледі

© Photo : Пресс-служба АО НК "КазМунайГаз"Завод Kazakhstan Petrochemical Industries Inc (KPI) по производству полипропилена в Атырау
Завод Kazakhstan Petrochemical Industries Inc (KPI) по производству полипропилена в Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2024
Жазылу
Былтыр елімізде 59,063 млрд текше метр газ өндірілді
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Биыл Қазақстанда 60 млрд текше метр газ өндіру жоспарланып отыр. Мұндай көрсеткіш энергетика министрлігінің болжамында көрсетілген.
Министрліктің мәліметінше, ведомство "QazaqGaz" ұлттық компаниясы АҚ-мен бірлесіп, 2030 жылға дейін газдың болжамды балансын қалыптастырды.
Қазақстанда газ өндірудің 85%-дан астамын Теңіз (27%), Қарашығанақ (38%) және Қашаған (20%) жобалары қамтамасыз етеді.
Былтыр елімізде 59,063 млрд текше метр газ өндірілді.
Оның ішінде:
Теңіздің ірі кен орындары – 16,009 млрд текше метр,
Қарашығанақ – 22,385 млрд текше метр,
Қашаған – 11,856 млрд текше метр
басқа кен орындары – 8,813 млрд текше метр.
Газ саласының даму қарқыны соңғы жылдары елімізде газ өндіру тұрақты өсіп келе жатқанын растайды. Осылайша, газдың болжамды балансына сәйкес, 2024 жылы елімізде газ өндіру 60,456 млрд текше метрге дейін өседі деп күтіледі.
2024 жылға арналған тауарлық газ өндіру жоспары – 28,054 млрд текше метр. Газдың болжамды балансына сәйкес 2024 жылы қазіргі ішкі тұтыну 20,9 млрд текше метр болды.
Завод Kazakhstan Petrochemical Industries Inc (KPI) по производству полипропилена в Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2024
Қазақстанда газ өндіруді ұлғайту жоспарланып отыр
Жаңалықтар
0