Полицейлердің атын жамылып, ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2024
Жазылу
Күдіктілердің бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екінші күдікті алаяқтық үшін бұрын сотталған болып шықты
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Шымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері қала тұрғындарына күш қолдану арқылы қомақты көлемде ақша бопсалаған үш ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскүнемдер полицияның атын жамылып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысып, "қорғауға" аламыз деп, ай сайын төлем талап еткен.
Күдіктілердің бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екінші күдікті алаяқтық үшін бұрын сотталған болып шықты.
"Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі атағын өз бетінше иемденіп алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қаскөйлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Жаңалықтар
0