Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина АҚШ-пен қауіпсіздік кепілдігі бойынша келіссөздің үшінші раундын өткізді

© Sputnik / Алексей ФурманКиев, виды города
Киев, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2024
Жазылу
Ермак бұл келісім Киевтің қорғаныс қабілетін нығайту үшін "Украина мен АҚШ арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін берік негіз болады" деген үмітін білдірді
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Украина мен АҚШ Киевтің қауіпсіздігіне кепілдік беру жөніндегі келіссөздердің үшінші раундын өткізді, деп мәлімдеді Владимир Зеленский кеңсесі. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Зеленский 23 сәуірде Украина мен АҚШ қауіпсіздік кепілдігі туралы келісім бойынша жұмыс істей бастағанын айтты.
"Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак екіжақты қауіпсіздік келісімін жасауға дайындық бойынша АҚШ-пен келіссөздердің үшінші раундын өткізді. Тараптар келісім жобасының мәтінін мазмұнды түрде талқылады, құжаттың негізгі ережелерін келісуде айтарлықтай ілгерілеушілік бар және одан әрі әрекеттердің алгоритмі түзетілгенін растады", - делінген Зеленский кеңсесінің сайтында жарияланған хабарламада.
Ермак бұл келісім Киевтің қорғаныс қабілетін нығайту үшін "Украина мен АҚШ арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін берік негіз болады" деген үмітін білдірді.
Вильнюстегі НАТО саммитінде "Үлкен жетілік" елдері Украинаны қолдайтын декларация жариялады. Дегенмен, онда айтылған қауіпсіздік міндеттемелері нақты орындау мерзімдерін қарастырмайды. Киев 2024 жылы Вашингтонда өтетін НАТО саммитіне дейін "қауіпсіздік кепілдігі" іске қосылады деп үміттенеді.
Жаңалықтар
0