Ұлы Абайдың жиені - өлкетанушы Балтабек Ерсәлімов дүниеден озды

© ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.Балтабек Ерсәлімов
Балтабек Ерсәлімов - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы Балтабек Ерсәлімов 86 жасында өмірден өтті, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.
Балтабек Ерсәлімов 1938 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.
Қазақстан республикасының журналистер одағының мүшесі, "Еңбек ардагері", "Тыңға 50 жыл"медальдарының, "Құрмет" орденінің иегері.
Филолог Балтабек Ерсәлімов Абай шығармаларын насихаттау ісіне белсене араласып келген.
Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттап, Семейдегі Абай қорынның ашылуына ықпал тигізгендердің бірі. 1992 жылы "Абай" журналының қайта шыға бастауына айтарлықтай үлес қосты. 1993 жылы баспадан жарық көрген "Абайдың ақын шәкірттері" деген жинақтың жауапты шығарушысы.
Цветы и свечи в память о жертвах теракта в метро Санкт-Петербурга возле Генконсульства Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2024
Танымал қазақстандық зілтемірші қайтыс болды
Жаңалықтар
0