Ақтөбе облысында мал иелеріне 215 млн теңгеден астам өтемақы төленді

© Photo : "Актобе акпарат"Ақтөбедегі су тасқыны, архивтегі фото
Ақтөбедегі су тасқыны, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2024
Жазылу
Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде 3232 бас мал өлді
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында су тасқыны салдарынан зардап шеккен мал иелеріне 215,7 млн теңге өтемақы төленді, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде 3232 бас мал өлді. Бәрінің көзі жойылды.
"Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні 1202 бас малға 215,7 млн теңге төленді", - деп жазылған хабарламада.
Тасқын салдарын жою мақсатында құрылған арнайы комиссия әлі де жұмысты жалғастырады. Шығынды есептеумен қатар өтеу де қолға алынған.
Айта кетері, су тасқыны кезінде қырылған мал өтемақысын төлеудің алгоритмі бар. Ол үшін өлексесі, сырғасы болуы керек әрі ауыл шаруашылығы базасында тіркелгені расталады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2024
Су тасқыны: Батыс Қазақстанда 2,4 мың бас мал қырылды
Жаңалықтар
0