Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

© Photo : пресс-служба акимата АлматыДень Победы в Алматы
День Победы в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2024
Жазылу
Биыл Ұлы Жеңіске 79 жыл толды
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
"Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз", - деді Тоқаев.
Ол сондай-ақ Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың салтанат құруына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.
"Аға буынның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін қайсарлықтың, жанқиярлықтың және отаншылдықтың озық үлгісі болып қалатыны сөзсіз. Бүгінде біз ұлтымыздың қаһарман ұл-қыздарының арқасында алаңсыз еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, жарқын болашаққа қадам басып келеміз. Сол үшін оларға мәңгі қарыздармыз. Ешкім де ешқашан ұмытылмайды!", - делінген президент құттықтауында.
Жаңалықтар
0