Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қытай Ресейге ықпал етуге мүдделі емес – Боррель

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЖозеп Боррель
Жозеп Боррель - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Қытай Украинадағы жағдай бойынша Ресейге ықпал етуге мүдделі емес, деп мәлімдеді Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель испаниялық RTVE радиосына берген сұхбатында.
"Біз Қытайға өз ықпалын пайдалану керектігін көптен бері айтып келеміз. Қытай олай жасап жатқан жоқ, өйткені оған мүдделі емес", - деді ол.
Бұған дейін Қытай төрағасы Францияға барып, президент Эммануэль Макронмен келіссөз жүргізді, сондай-ақ Еуропа комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің қатысуымен үшжақты кездесу өткізді.
Кездесуде Си Цзиньпин Қытай, Франция және ЕО Украинадағы қақтығыстың күшеюіне бірлесе қарсы тұрып, бейбіт келіссөз жүргізу үшін жағдай жасауы қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, Бейжің Мәскеу де, Киев те мойындайтын халықаралық бейбітшілік конференциясын өткізуді қолдайды.
Жаңалықтар
0