Қолында Макаров тапаншасы бар ер адам

Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған экс-депутат ұсталды

405
(Жаңартылды 09:46 16.10.2017)
Жоғарғы кеңестің бұрынғы депутаты бұған дейін де жарылғыш заттарды заңсыз сақтау және оларды өзімен бірге алып жүруге қатысты сотталған болатын

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Экс-депутат Қазыбек Шайымбетов 15 қазандағы президент сайлауының қорытындысы жарияланған соң, елде жаппай тәртіпсіздік орнатып, әкімшілік ғимараттарды басып алмақ болды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздігінің мемлекеттік комитеті. 

"Бұған дейін жарылғыш заттарды және қару-жарақты заңсыз сақтау және оларды өзімен алып жүруге қатысты сотты болған  ҚР  Жоғарғы Кеңестің экс-депутаты К.Шайымбетов қылмыстық топпен алдын ала сөз байласып, үміткерлердің бірі президенттікке өтпеген жағдайда, ҚР президенті сайлауы кезінде және оның қорытындысы жарияланған соң да жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындық жасаған", — делінген хабарламада. 

Мекеменің берген мәліметтеріне сәйкес, Шайымбетов және оның жақтастары қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру және Қырғызстанның мемлекеттік органдарының әкімшілік ғимараттарын басып алу мақсатында соңғы күндері қару-жарақ пен оқ дәрілерді іздестіруді қолға алған. 

Күдіктілер ұсталып, ҚР ҰҚМК жеткізілді.

"2017 жылы 14 қазан күні Шайымбетов және басқа да адамдарға қатысты Қырғызстан Республикасының ҚК 27-бабына, 233-бабының 1-бөліміне (жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру), 295-бабы (билікті күшпен басып алуға дайындық жасау), 241-бабының 2-бөліміне (қару-жарақтар мен жарылғыш заттарды заңсыз иелену, сақтау және өзімен бірге алып жүру) сәйкес  қылмыстық іс қозғалды", — деп хабарланды сайтта.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

405
Қырғыз президентінің кортежіне көлік соғылды

Қырғыз президентінің кортежіне көлік соғылды: қаза тапқандар бар

3668
Президент кортежіне ілесіп жүруге міндеттелген автокөліктердің бірі ауыл маңында қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көлікпен соқтығысқан

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ыстықкөл облысында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың көлік кортежі апатқа ұшырады. Салдарынан ұлттық қауіпсіздік комитетінің 9-бөлім қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Бұл туралы Қырғыз президентінің баспасөз қызметі арнайы ақпарат таратты.

Президент кортежіне ілесіп жүруге міндеттелген автокөліктердің бірі ауыл маңында қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көлікпен соқтығысқан.

Президент баспасөз қызметінің дерегінше, қарсы жолаққа шыққан көліктің жүргізушісі мас болған.

Жол апаты салдарынан үш адам жарақат алып, мемлекеттік күзет қызметінің (МҚҚ) қызметкері қайтыс болды.

Ақпаратта президент Жапаровтың өміріне ешқандай қауіп төнбегені айтылған.

3668
Кілт сөздер:
Қырғыз Республикасы, жол апаты
Тақырып бойынша
"Қазақстанның жарқын болашағының кепілі": Тоқаев балаларды құттықтады
Назарбаев бірқатар ауыс-түйіс жасады
БҰҰ Бас хатшысы отандық QazVac вакцинасына қатысты ойын айтты
"Біз үшін үлкен мәртебе": Тоқаев ДСҰ басшысымен сөйлесті
Трамптың кортежіне қол шығарған велосипедші әйел жұмысынан айырылды
Нұр-Сұлтанда "Астана LRT" ісі бойынша сот үкімі шықты
Мақтарал ауданындағы су тасқыны

Өзбекстандағы су қоймасының жарылуы: 17 адамға сот үкімі шықты

104
Іске қатысы бар деген алты адам үш жылдан он жылға дейінгі уақытқа сотталды. Тағы бір адамға төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу туралы үкім шықты. Қалған айыпталушылар ірі көлемде айыппұл төлейді

АЛМАТЫ, 11 мамыр – Sputnik. Өзбекстанда Сырдария облысындағы су тасқыны ісі бойынша 17 лауазымды тұлғаға қатысты үкім шықты. Сол кезде су қоймасының бөгеті жарылып, алты адам қаза тапқан болатын.

Айта кетейік, төтенше жағдай 2020 жылдың мамырында болды. Содан кейін Қазақстан аумағына ірі көлемде су келді. Су тасқыны Түркістан облысының елді мекендеріне елеулі залал келтірді.

Кейіннен Өзбекстанның бас прокуратурасы техногендік апаттың себептерін атады. Апатқа жобалық құжаттардағы, құрылыс пен пайдаланудағы қателіктер себеп болған. Сот алдына ұрлық, немқұрайлық және лауазымдық жалғандық жасады деп айыпталған бірнеше лауазымды тұлға келді.

Өзбекстан жоғарғы сотының хабарлауынша, алты айыпталушы үш жылдан он жылға дейін сотталды.

"Узтемирйулкуришмонтаж" ұлттық компаниясы бас директорының орынбасары, гидротехникалық құрылыс басқармасының бастығы болған М.Холматов он жылға бас бостандығынан айырылды. Ол аса ірі көлемде ұрлық жасады, сондай-ақ лауазымдық жалғандық жасағаны үшін кінәлі деп танылды", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Холматов адам өліміне әкеп соққан тау-кен, құрылыс немесе жарылыс қаупі бар жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 3 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Айыпталушы тағы екі адамның әрқайсысы бес жылға сотталды: оның бірі –тапсырыс беруші тарапынан "Сирдаре сув курилиш инвест" мекемесінің бұрынғы басшысы Абдуназаров; екіншісі – жобалаушы тарапынан UzGIP перспективалық жобаларды жоспарлау бөлімінің бұрынғы басшысы Руднев. Олар 133,8 миллион сум (шамамен 5,4 миллион теңге) айыппұл төлейді.

Қалған айыпталушылар әр түрлі мерзімге сотталды, сондай-ақ ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сардоба су қоймасы 2017 жылы салынған, оның сыйымдылығы 922 миллион текше метр және Сырдария мен Жызақ облысының алты ауданындағы егіс алқаптарына су жіберуге арналған.

Түркістан облысындағы су тасқыны

2020 жылдың бірінші мамырында Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылып, алты адам қайтыс болды.

Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше ауыл зардап шекті. Мыңнан астам үйді су басты, мектептер, балабақшалар, медициналық нысандар бүлінді. Елді мекендерден 31 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Түркістан облысында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан Өзбекстанмен бірге су тасқынының салдарын жою бойынша жұмыс істеді. Кейін екі ел халықаралық және қазақстандық сарапшылармен бірлесіп Сардоба су қоймасының техникалық аудитін өткізу туралы келісімге келді.

Оқи отырыңыз: Мақтаарал ауданында 1300-ден астам отбасы мың доллардан өтемақы алды

Сондай-ақ, қос тарап трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық келісімді әзірлеуге және оған қол қоюға уағдаласты.

104
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, Өзбекстан, су тасқыны
Тақырып бойынша
Мақтааралда 400-ге жуық отбасыға жаңа үйдің кілті табысталды
ШҚО-дағы су тасқыны: пайдакүнем тұрғындар үйлерін әдейі қиратып жатыр
"Бір адам далада қалған жоқ": Тоқаев Мырзакент ауылының тұрғындарымен кездесті
Атбасарда су тасқыны салдарын жоюға бөлінген қаржыны шенеуніктер қымқырған
Министр су тасқыны болуы мүмкін өңірлерді атады
Встреча президентов России и США В. Путина и Дж. Байдена в Женеве

Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдік саясат қалай өзгереді

0
Сарапшылар Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдегі саяси жағдай қалай өзгеретіні туралы пікірін бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Күні кеше ғана Женевада Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі өтті. Екі көшбасшы да кездесуге көңілдері толатынын жеткізді. Алайда бұл кездесу екі елдің арасындағы шиеленістің біршама бәсеңдеуіне ықпал етті ме? Қос көшбасшының диалогы Ресей Федерациясының Еуропамен қарым-қатынасына қалай әсер етеді? Осы туралы Sputnik материалында толығырақ.

Болашаққа бағдар

16 маусымда Женевада Владимир Путин мен Джо Байденнің кездесуі революциялық өзгерістерге алып келмегенімен толыққанды диалогтың бастамасы болуы әбден мүмкін. Саммит қорытындысы бойынша "Россия сегодня" ХАА мультимедиялық баспасөз орталығындағы пікірталасқа қатысқан сарапшылар осындай пікір білдірді.

Ресей мен АҚШ-тың стратегиялық қаруландыруды бақылауда ұстауды көздеуін растайтын бірлескен мәлімдемеге қол қойылуы екі президент кездесуінің маңызды нәтижесі болды. Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Андрей Кортунов осылай деп санайды.

"Стратегиялық шабуылдау қаруларын шектеу туралы шарт бес жылға созылғанымен, уақыт соншалық көп емес. Тараптар қаруландыруды бақылаудың жаңа моделі туралы келісімге келгені жақсы болар еді", - дейді ол.

Сарапшының пікірінше, өзара консультациялар мәселесіне киберқауіпсіздік проблемаларын қосуға АҚШ-тың келісуі де аса маңызды. Себебі бұған дейін Америка бұл мәселеден түбегейлі бас тартып келді. Сонымен қатар Андрей Кортунов Вашингтон мен Мәскеудегі елшілердің қайтарылуы да болашаққа оптимизммен қарауға себеп екенін айтты.

Ал РҒА АҚШ және Канада институтының директоры Валерий Гарбузов Ресей-Америка қарым-қатынасында проблемалар қордаланып қалғанын және ол бір кездесуде түгелдей шешіле қоймайтынын айтты.

"Бұл саммит консультациялар, келіссөздердің бастауы болуы керек. Егер жұмыс топтары құрылып, кездесулер басталса, мемлекет басшылары телефон арқылы немесе бетпе-бет кездесу арқылы сөйлесетін болса, онда диалог қалпына келеді. Алдағы бірнеше аптада-ақ нәтижесін көре аламыз", - деп болжам жасады ол.

Трамппен кездесуден өзгерек

Женевада өткен саммит Владимир Путиннің 2018 жылы Хельсинкиде Дональд Трамппен кездесуін еске салады, дейді Валерий Гарбузов.

"Трамппен кездесуден де көп нәтиже күтті. Кейбіреулер бұл кездесуді тарихи деп атады. Алайда бәрі құрдымға кетті. Болашақта Женева саммиті де осындай күй кешпесе деймін", - деді сарапшы.

Андрей Кортунов Байденнің Ресей президентімен кездесуді қысқа мерзімде тез ұйымдастыруы да жақсы нышан екенін айтты. Себебі алдыңғы президент Дональд Трамп Владимир Путинмен алғашқы және соңғы кездесуін өткізуі үшін жарты жыл уақыт жұмсаған болатын.

Еуропа, санкциялар және Украина

АҚШ пен Ресей арасындағы аздаған "жылымық" Вашингтонның еуропалық одақтастарының антиресейлік ұстанымын біршама жібітуге ықпал етеді. Сондықтан саммиттің позитивті нәтижесі Мәскеу үшін геосаяси аспектіде де тиімді деп санайды Валерий Гарбузов.

"Брюссельдегі Ресеймен ынтымақтастықты жақтаушылар үшін енді біршама жеңіл болады. Себебі ЕО үнемі Вашингтонға қарайлап келді. Олар Ресей бойынша америкалық позицияны есепке алады. Менің ойымша, Германия, Италия және Франциядағы әріптестерімізге Мәскеумен өзара әрекеттестік бойынша жаңа бастамалар, форматтар ұсыну жеңіл болады", - деп түсіндірді Андрей Кортунов.

Сарашы 2014 жылы жүмысын тоқтатқан Ресей – НАТО кеңесін қайта іске қосуға ықпал етуі мүмкін деп санайды.

Ал ММХҚИ доценті Иван Тимофеев Ресейге қарсы батыстық санкцияларда қандай да бір өзгеріс болмайды деп пайымдады.

"Жақын уақытта ешқандай америкалық санкцияны алып тастамайды. Оған еш себеп жоқ. Бірқатар санкция АҚШ заңнамасында көрініс тапты. Байден оларды "Солтүстік ағын – 2" жобасы секілді тоқтатуы мүмкін, бірақ күшін жоя алмайды. Санкциялар жеңілдетілмейді. Бірақ жаңа қатаң шаралар да енгізілмейді", - деді ол.

0