Алмазбек Атамбаев

Атамбаев Қырғыз Республикасының батыры атанды

1334
(Жаңартылды 12:32 28.11.2017)
Сооронбай Жээнбеков ұлықтау рәсімінде алғашқы жарлығымен Атамбаевты марапаттауға уәде берген еді

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдің бұрынғы лидері Алмазбек Атамбаевқа "Ак Шумкар" ерекше белгісімен бірге "Қырғыз Республикасының Батыры" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Сооронбай Жээнбековтің президент кабинетіндегі алғашқы минуттары — видео
© Sputnik . Пресс-служба президента Кыргызстана

24 қарашада өткен ұлықтау рәсімінде Жээнбеков алғашқы жарлығымен Атамбаевты марапаттауға уәде беріп, президент қызметіндегі жетістіктері үшін ризашылық білдірген еді. Осыдан кейн Атамбаев көзіне жас алды. 

"Қырғызстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, халық бірлігін, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі, Қырғыз Республикасының тұрақты дамуына берік негіз қалағаны үшін, сондай-ақ көрсеткен саяси ерік-жігері мен батылдығы үшін Алмазбек Атамбаевқа «Ак Шумкар» ерекше белгісімен бірге «Қырғыз Республикасының Батыры» жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі беріледі", — делінген хабарламада.

1334
Ат, архивтегі сурет

Мейрамханаға атпен кірді: жас жұбайлардың видеосы қызу талқыланып жатыр

428
Бұған дейін қазан айында жас жұбайлардың достары мен туыстары көшеде би билеу үшін жолдарды жапқан

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша - Sputnik. Өзбекстанда жас жұбайлар тойды ерекше өткізу үшін мейрамханаға атпен кірді.

Желіде осы тойдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Кейбір желі қолданушылары той Самарқанд ауданында болғанын жазып жатыр. 

Бұған дейін қазан айында үйлену тойын өткізу үшін Самарқандта жолдарды жапқан. Олардың достары мен туыстары көшеде би биледі.

Оқиғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Эпидемиямен күрес ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлейді.

428
Кілт сөздер:
видео, үйлену тойы, ат, Өзбекстан
Тақырып бойынша
"Мамамды шақырыңдар": Орал тұрғыны үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды
"Ойлаған жоқпын": Қазақстандағы үйлену тойы желіде қызу талқыланып жатыр – видео
Үйлену тойының фотосессиясы кезінде бірнеше адам көз жұмды: арасында қалыңдық та бар
Қалыңдықтың үйлену тойында жасаған әрекеті қайғылы жағдайға әкеп соқты
Үйлену тойына дайындалып жатқан отбасы қара жамылды: ауыл тұрғындары не дейді
Қырғызстан туы

Қырғызстанда ел атауын өзгерту ұсынылды

2572
Конституциялық кеңес мүшелерінің бірі мемлекетте халық билігі енгізілетіндіктен, ел атауында "халық" сөзі болуы тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қырғызстанда Конституциялық кеңестің отырысында ел атауын өзгерту ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Кыргыз жолу" қоғамының басшысы Қадыр Қошалиев ел атауын "Кыргыз Эл Республикасы" (Қырғыз Халық Республикасы) деп өзгертуді ұсынды.

"Бізде халық билігі енгізілетіндіктен, мемлекеттің атауында Қытайдағы сияқты (Қытай Халық Республикасы) халық сөзі болуы тиіс", - деді Қошалиев Конституциялық кеңестің отырысында.

Сондай-ақ, бұрынғы әділет министрі Марат Қайыпов ел атауының орыс тілінде жазылуына қатысты ойын айтты.

"Орыс тілінде "Республика Кыргыз" деп дұрыс жазу қажет, сонда басқа ұлттар өкпелемейді. "Кыргызская Республика" дегенде тек қырғыздардың елі деп ойлап қалуы мүмкін. Ал "Республика Кыргыз" атауынан барлық ұлтты бір шаңырақ астына ұйыстырған ел екенін түсінуге болады", - деді экс-министр.

Еске салсақ, 20 қарашада Ата заңның жобасын талқылау үшін Конституциялық кеңес құрылды. Оның құрамына 89 адам кірді.

Бұған дейін Жогорку Кенештің 80 депутаты Конституцияның жаңа жобасы мен референдум өткізу туралы заң қабылдау бастамасын көтерген еді. Референдумды президент сайлауымен бір күнде – 10 қаңтарда өткізу жоспарланып отыр.

2572
Кілт сөздер:
атаулар, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Қырғызстан басшысы Тоқаевқа алғыс білдірді
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Жапаров отставкаға кететін болды
  Электронды үкімет мобильді қосымшасы

Электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз пайдалану фактілері  жиіледі

0
Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілген және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) заңсыз пайдалану фактілері  жиілеп кетті, деп хабарлады цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

2015-2018 жылдар аралығында 640-бабы "Қазақстан Республикасының электронды құжаттар және электронды цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу" бойынша 15 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 2019 жылы мұндай істердің саны күрт өсті – 52 іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз: Енді электронды цифрлық қолтаңбаны компьютерде сақтау қажет емес 

"Осы жылдың 9 айында электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз берудің 30-дан астам фактісі және оны қорғау шараларын сақтамаудың бестен астам жағдайы анықталды. Бұл фактілер бойынша 10-нан 150 АЕК-ке (27 780-нен 416 700 теңгеге дейін – Sputnik) дейін айыппұл салынды", - деп нақтылады ведомство.

Соңғы кездері министрлікке жеке тұлғалардан және лауазымды адамдардан электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз беруге қатысты көптеген шағым түсіп жатыр.

"Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілгенін және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болатынын ұмытпау керек", - деп атап өтті ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Өткен кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары өздерінің ЭЦҚ-сын басқа қызметкерлерге беру жағдайлары, сондай-ақ жұмыс берушілер жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің ЭЦҚ-сын қайтарып алмайтын жағдайлар көбейді. Мұндай әрекеттер электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз қолдануға жол ашады, ал ол әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

ЭЦҚ-ны қалай қорғауға болады

Өзіңді қорғау және алаяқтықтың құрбаны немесе керісінше заң бұзушы атанбау үшін министрлік мынадай кеңес береді:

  • ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге болмайды. Ұйымдарда құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭСҚ беру керек;     
  • ЭСҚ-сы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару фактілерін қадағалап, олардың ЭСҚ-сын дер кезінде қайтарып алған жөн;
  • ЭСҚ жоғалған жағдайда бұрынғысынан бас тарту арқылы дереу қайта шығарып, стандартты парольді күрделілеуіне ауыстыру қажет.

Айта кетейік, электронды цифрлық қолтаңбаны үйден шықпай-ақ алуға болады.  

0
Кілт сөздер:
электронды үкімет порталы, қолтаңба
Тақырып бойынша
Қазақстан премьері ЕАЭО үшін маңызды ұсыныс жасады
Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін қалай ұзартуға болады – министр жауабы