Жасөспірім

Такси жүргізуші көлігіне жылынып алу үшін отырған 12 жасар қызды зорлады

4639
(Жаңартылды 18:04 02.04.2018)
Шолпан атада 53 жастағы ер адам жас қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды

АСТАНА, 30 наурыз — Sputnik. Қырғызстанның Шолпан ата қаласында 53 жастағы ер адам 12 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Ыстық көл облысының ІІБ баспасөз хатшысы Сталбек Усубакунов. 

Оның айтуынша, қылмыс 25 наурыз күні шамамен сағат 22.00-де жасалған.

 

"Милицияға арыз 26 наурыз күні зардап шегушінің анасынан түсті. Оның айтуынша, қызы "Рух-Ордо" этнокешені маңында адасып кетіп, такси жүргізушіден көлігінде жылынып алуды өтінген. Ер адам 12 жастағы қызға тамақ алып бергеннен кейін оны күш қолданып, зорлаған ", — деді Усубакунов. 

Sputnik Қырғызстан агенттігі хабарлағандай, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 1965 жылы туған ер адамды ұстаған. Сталбек Усубакуновтың айтуынша, күдікті қылмысын бірден мойындаған.  

"Ұсталған ауыл тұрғыны этнокешенде күзетші болып жұмыс істейтінін айтты. Қыз оған шамамен сағат 20.00-де келіп, көлігінде жылынып алуын өтінген. Ол қызды өз бөлмесіне алып барып зорлаған, кейін үйіне жеткізіп салған", — деп толықтырды Усубакунов.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды. Құқық қорғаушылар Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 129-бабы 3-бөлігі (Кәмелетке толмағандарды зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғады.   


4639
Отырыстағы депутаттар

Парламент отырысы кезінде депутаттар бірін-бірі балағаттап жіберді

1330
Парламент отырысы кезінде Райымқұлов Бекешевтің қасына барған. Алдымен депутаттар жай сөйлескен, кейін бір-біріне дауыс көтеріп айғайлай бастады

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттары Дастан Бекешев пен Бақтыбек Райымқұлов парламент отырысында бірін-бірі балағаттады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Отырыс кезінде Райымқұлов Бекешевтің қасына жақындайды. Алдымен депутаттар жай сөйлесіп тұрған, кейін қатты айғайлап, бірін-бірі балағаттай бастады.

Содан соң Райымқұлов микрофонға шығып, спикерден оның заң жобасын тезірек қарауды сұрады.

Дау-жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Бұған дейін отырыста Бекешев "кейбір депутаттар жемқорларды қолдап митингке шығатынын, ал мына жерде халық алдында басқаша сөйлеп, билікке жағуға тырысатынын" мәлімдеген еді.

Айта кетсек, Бақтыбек Райымқұлов 28 ақпанда Ошта өткен митингте бұрынғы кеден төрағасының орынбасары Райым Матраимовты қолдап сөз сөйледі.

1330
Кілт сөздер:
депутаттар, Парламент, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Депутаттар халықтың ашуына тиген шенеуніктерге шүйлікті
Астанада мемлекеттік қызметтегі басшы дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан
Архивтегі фото

Президенттің сынынан кейін облыс әкімі контейнерде тұруға шешім қабылдады  

3405
(Жаңартылды 12:06 01.03.2021)
Өзбекстанда Наманган облысының әкімі тұрғындармен кездесіп, күтпеген жерден "Бунёдкор" махалласына көшіп келетінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Наманган облысына барып, халықтың тұрмыс жағдайымен танысты.

Республика басшысы "Бунёдкор" махалласын аралап, жергілікті тұрғындардың шағымын тыңдады.

Олар ауыз судың, газдың жоқтығын, жолдардың нашар екенін айтып, басқа да проблемаларды тізіп шықты.

Осыдан кейін Мирзиёев махалла басшылығының жұмысын сынға алып, төраға мен оның кеңесшісіне, сондай-ақ Наманган әкіміне және қала прокурорына шүйлікті.

Жергілікті билік қорытынды шығарды, деп жазды Sputnik Өзбекстан.

Наманган облысының әкімі Шавкатжон Әбдіразақов махалланың тұрғындарымен кездесіп, күтпеген жерден "Бунёдкорға" көшіп келетінін мәлімдеді.  

"Күн сайын осындамын, енді сіздермен көрші боламын. Менің үйім махалла комитетіне қарама-қарсы орналасады. Бүгін мұнда контейнер орнатылып, оған "Облыс әкімінің үйі" деп жазылады", - деді Әбдіразақов тұрғындарға.

Ол қолға алынған басқа да шараларды атап өтті: мысалы, махаллада электр желісі мен су құбырын тарту, сондай-ақ ауданды жалпы абаттандыру жұмыстары жоспарланған.

Сондай-ақ, махалла комитетінің ғимаратын жөндеу жоспарда бар.

Жергілікті тұрғындар шағымданған қоқыс полигонына ерекше назар аударылды: ол жабылады. Оның орнына билік 3 гектар аумақта "шағын өндірістік аймақ" құрады.  

Кәсіпорын бар жерде жұмыс бар. Жалпы саны 12 мың адам тұратын махалладағы мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.  

3405
Бұрқасын, адамдар жолдан өтіп барады

Қазақстанның 12 өңірінде дабылды ескерту жарияланды ертеңге ауа райы болжамы

0
Елдің бірқатар облысында дабылды ескерту жариялауға тұман, бұрқасын және көктайғақ себеп болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында көктайғақ, жаңбыр және бұрқасын, сондай-ақ тұман болады.

Дабылды ескерту

Атырау облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ болжануда. Желдің күші секундына 20 метрге дейін барады.

Түркістан облысында қалың тұман түседі.

Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты жел болады.

Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ күтілуде.

Қарағанды облысында – тұман және көктайғақ.

Қызылорда облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысында да тұман және 15-20 м/с жел болжанып отыр.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, тұман басады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында – қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ.

Қостанай облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде ауа температурасы -2-4°C, күндіз 0+2°C. Желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.

Алматыда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C көрсетеді.

Шымкентте ауа райы жауын-шашынды. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін барады, ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +7+9°C.

0
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, Қазгидромет, ауа райы болжамы