Содырлар

Мұздай қаруланған содырлар Орта Азияға бет алды

241
(Жаңартылды 15:32 25.04.2018)
Орны толмас зардабын тигізуі мүмкін - Ресейдің қорғаныс министрі тас-талқан болған "Ислам мемлекетінің" содырлары туралы айтты

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Сирия мен Иракта тас-талқан жеңіліске ұшыраған "Ислам мемлекеті"* содырлары Орталық және Оңтүстік-шығыс Азияға бет алды, деп мәлімдеді Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу.

"Ислам мемлекеті" тас-талқан болған соң, Сирия мен Ирактағы содырлар басқа аймақтарға, оның ішінде Орта және Оңтүстік-шығыс Азияға бет алды. Ол жақта жаңа террорлық ұяшықтар пайда болып жатыр", — деді Шойгу сейсенбі күні Пекиндегі ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің бас қосуында, деп хабарлайды РИА Новости

Ресей министрінің сөзіне сүйенсек, террористер заманауи қару-жарақтарды пайдаланады, олардың ішінде шабуыл жасайтын дрондар да бар.

"Пилотсыз ұшу аппараттары 100 километр қашықтықтан ұрыс жүргізуге мүмкіндік береді. Оларды дамыған мемлекеттердің техникалық қолдау көрсетуінсіз жасау мүмкін емес. Бұл құралдарды халық тығыз қоныстанған аудандарда пайдаланса, орны толмас зардабын тигізуі ықтимал", — деп мәлімдеді Шойгу.

Былтыр желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин "Ислам мемлекетінің" Сириядағы Евфрат өзенінің қос жағасында да жеңіліске ұшырағанын мәлімдеді. Ресей Қарулы күштерінің Бас штабы басшысы Валерий Герасимов атап өткендей, Сирия Араб республикасы Ислам мемлекеті террористерінен толығымен азат етілді, ал Дейр-эз-Зорда қалған содырлардың көзі жойылған.

"Ислам мемлекеті" — Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым.

241
Кілт сөздер:
содырлар, Ислам мемлекеті, Сирия
Қырғызстан туы

Қырғызстанда ел атауын өзгерту ұсынылды

2383
Конституциялық кеңес мүшелерінің бірі мемлекетте халық билігі енгізілетіндіктен, ел атауында "халық" сөзі болуы тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қырғызстанда Конституциялық кеңестің отырысында ел атауын өзгерту ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Кыргыз жолу" қоғамының басшысы Қадыр Қошалиев ел атауын "Кыргыз Эл Республикасы" (Қырғыз Халық Республикасы) деп өзгертуді ұсынды.

"Бізде халық билігі енгізілетіндіктен, мемлекеттің атауында Қытайдағы сияқты (Қытай Халық Республикасы) халық сөзі болуы тиіс", - деді Қошалиев Конституциялық кеңестің отырысында.

Сондай-ақ, бұрынғы әділет министрі Марат Қайыпов ел атауының орыс тілінде жазылуына қатысты ойын айтты.

"Орыс тілінде "Республика Кыргыз" деп дұрыс жазу қажет, сонда басқа ұлттар өкпелемейді. "Кыргызская Республика" дегенде тек қырғыздардың елі деп ойлап қалуы мүмкін. Ал "Республика Кыргыз" атауынан барлық ұлтты бір шаңырақ астына ұйыстырған ел екенін түсінуге болады", - деді экс-министр.

Еске салсақ, 20 қарашада Ата заңның жобасын талқылау үшін Конституциялық кеңес құрылды. Оның құрамына 89 адам кірді.

Бұған дейін Жогорку Кенештің 80 депутаты Конституцияның жаңа жобасы мен референдум өткізу туралы заң қабылдау бастамасын көтерген еді. Референдумды президент сайлауымен бір күнде – 10 қаңтарда өткізу жоспарланып отыр.

2383
Кілт сөздер:
атаулар, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Қырғызстан басшысы Тоқаевқа алғыс білдірді
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Жапаров отставкаға кететін болды
Таразы, архивтегі сурет

Шенеуніктердің артық салмағымен күресу жолы табылды

45
2021 жылдан бастап көрші елдегі мемлекетттік органдар қызметкерлері үзіліс кезінде міндетті түрде гимнастика жасайтын болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Өзбекстанда шенеуніктердің артық салмағы заңнамалық деңгейде қадағаланатын болды. Көрші ел президенті Шавкат Мирзиёев тиісті жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, мемлекеттік орган мен ұйым қызметкерлері, жетекшілері дене шынықтырумен айналысуға міндеттеледі. Түрлі спорт сайыстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап аптасына кем дегенде бір рет спортпен шұғылдану қарастырылған. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап жұмыстағы үзіліс кезінде гимнастика жасалады. 

Бұдан бөлек, 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін "Өзбекстанның ұлттық және спорттық ойындары энциклопедиясы" жарық көреді.

Еске сала кетсек, Қазақстанда денсаулық министрлігі жұмыс берушілерді қызметкерлерге дене шынықтыру өткізуге міндеттеді. 

45
Кілт сөздер:
артық салмақ, шенеунік, Өзбекстан
Тақырып бойынша
Қарындағы май несімен қауіпті – дәрігерлер бірнеше себепті атады
Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео
Қыста артық салмақ жинамау үшін не істеу керек – дәрігер құпияны ашты
Ғалымдар артық салмақ пен коронавирус арасында қандай байланыс барын айтты
Денедегі артық май қайдан пайда болады - ғалымдар басты себепті атады

Маскаңды тақ! Қатал аққу саябақтағы қауіпсіздікті қадағалап жүр видео

0
(Жаңартылды 18:04 24.11.2020)
Туристер коронавирус пандемиясы кезінде де дамыл табар емес – олар көрікті жерлерді аралап, жануарлармен қарым-қатынас жасағанды ұнатады

Дегенмен мына видеодан әдеттегіден өзгеше оқиғаны көруге болады. Турист қыз қорғаныш маскасын иегіне түсіріп, саябақтағы көгалда жүрген әсем аққуға жақындайды.

Осы кезде аққу "жауапсыз" келушіге күтпеген жерден тап беріп, оның маскасын тағып қояды.  

Қанатты бақылаушыдан мұндайды күтпеген қыз артқа шегініп, шалқасынан құлап түседі.  

0