Қалыңдық

Күйеу жігіттің қолынан ажал құшқан қалыңдық туралы фильм түсірілді

253
Фильм әкесі басқа елде жұмысқа кетіп, ауылда анасының қолында тәрбиеленген қыз жайында

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Қырғызстанда алып қашып, күштеп тұрмысқа берген, кейін күйеу жігіттің қолынан полиция бөлімшесінде ажал құшқан қыз жайында қысқа метражды фильм түсірілді.

Фильм "Ала качуу" ("Алып қашу") деп аталады, он тоғыз жасар Бурулай Турдалиеваның тағдырына негізделіп түсірілген. Сценарий авторы әрі фильм режиссері — Азим Азимов, деп жазады Sputnik Кыргызстан.

Фильмнің бас кейіпкері Ажар анасымен ауылда тұрады. Қаржылық қиындықтарға байланысты отағасы Ресейге жұмыс істеуге кеткен.

Қыз қоғамдық өмірге белсене араласып жүреді, бір күні оны алып қашып, бейтаныс жігітке тұрмысқа бермек болады.


253
Кілт сөздер:
фильм, қыз алып қашу, қалыңдық, Қырғызстан
Ат, архивтегі сурет

Мейрамханаға атпен кірді: жас жұбайлардың видеосы қызу талқыланып жатыр

585
Бұған дейін қазан айында жас жұбайлардың достары мен туыстары көшеде би билеу үшін жолдарды жапқан

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша - Sputnik. Өзбекстанда жас жұбайлар тойды ерекше өткізу үшін мейрамханаға атпен кірді.

Желіде осы тойдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Кейбір желі қолданушылары той Самарқанд ауданында болғанын жазып жатыр. 

Бұған дейін қазан айында үйлену тойын өткізу үшін Самарқандта жолдарды жапқан. Олардың достары мен туыстары көшеде би биледі.

Оқиғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Эпидемиямен күрес ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлейді.

585
Кілт сөздер:
видео, үйлену тойы, ат, Өзбекстан
Тақырып бойынша
"Мамамды шақырыңдар": Орал тұрғыны үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды
"Ойлаған жоқпын": Қазақстандағы үйлену тойы желіде қызу талқыланып жатыр – видео
Үйлену тойының фотосессиясы кезінде бірнеше адам көз жұмды: арасында қалыңдық та бар
Қалыңдықтың үйлену тойында жасаған әрекеті қайғылы жағдайға әкеп соқты
Үйлену тойына дайындалып жатқан отбасы қара жамылды: ауыл тұрғындары не дейді
Қырғызстан туы

Қырғызстанда ел атауын өзгерту ұсынылды

2584
Конституциялық кеңес мүшелерінің бірі мемлекетте халық билігі енгізілетіндіктен, ел атауында "халық" сөзі болуы тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қырғызстанда Конституциялық кеңестің отырысында ел атауын өзгерту ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Кыргыз жолу" қоғамының басшысы Қадыр Қошалиев ел атауын "Кыргыз Эл Республикасы" (Қырғыз Халық Республикасы) деп өзгертуді ұсынды.

"Бізде халық билігі енгізілетіндіктен, мемлекеттің атауында Қытайдағы сияқты (Қытай Халық Республикасы) халық сөзі болуы тиіс", - деді Қошалиев Конституциялық кеңестің отырысында.

Сондай-ақ, бұрынғы әділет министрі Марат Қайыпов ел атауының орыс тілінде жазылуына қатысты ойын айтты.

"Орыс тілінде "Республика Кыргыз" деп дұрыс жазу қажет, сонда басқа ұлттар өкпелемейді. "Кыргызская Республика" дегенде тек қырғыздардың елі деп ойлап қалуы мүмкін. Ал "Республика Кыргыз" атауынан барлық ұлтты бір шаңырақ астына ұйыстырған ел екенін түсінуге болады", - деді экс-министр.

Еске салсақ, 20 қарашада Ата заңның жобасын талқылау үшін Конституциялық кеңес құрылды. Оның құрамына 89 адам кірді.

Бұған дейін Жогорку Кенештің 80 депутаты Конституцияның жаңа жобасы мен референдум өткізу туралы заң қабылдау бастамасын көтерген еді. Референдумды президент сайлауымен бір күнде – 10 қаңтарда өткізу жоспарланып отыр.

2584
Кілт сөздер:
атаулар, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Қырғызстан басшысы Тоқаевқа алғыс білдірді
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Жапаров отставкаға кететін болды
Құлаққап, телефон

Құлаққап денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін қалай қолдану қажет дәрігер кеңесі

4
(Жаңартылды 10:36 30.11.2020)
Дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған. Дәрігер құлаққап таққан кезде дыбыс деңгейінің қандай болуы қажет екенін айтты

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников құлаққаптың адам денсаулығына қандай зиян келтіретінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қауіпсіз құлаққап болмайды. Қауіпсіз – бұл 80 децибел, ал құлаққаптарда 100 және 120 децибел болуы мүмкін", - дейді Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде.

Дәрігердің айтуынша, адам құлаққапты үш-төрт жыл қолданғаннан кейін есту қабілеті нашарлай бастайды.

Осыған байланысты дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған.

Ал құлаққап тағып жүрген кезде адам өз даусы мен жанындағы адамның сөзін еститіндей болса, бұл қалыпты болып саналады. Ал басқа жағдайда дыбысты бәсеңдету керек. Сондай жағдайда құлаққаптар аз зиян келтіреді.

4
Кілт сөздер:
пайдалы кеңес, дәрігер, есту қабілеті
Тақырып бойынша
Ай сайын смартфоннан нені өшіріп тұру қажет - маман кеңесі
Мамандар телефонда қандай смс сақтауға болмайтынын ескертті
Дәрігер телефонның жарығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін айтты
Ғалымдар ұялы телефонның қауіпті функциясын анықтады
Шымкенттікті телефонның "зарядкасынан" тоқ соқты: жігіт тіл тартпай кетті