Әлем

Түрікменстан президенті көлік құрастырып шықты

© Photo : Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуТүрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов
Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Гурбангулы Бердімұхамедов жарыс көліктерін жүргізуден басқа, ат шабысы, веложарыс, шығыс жекпе-жегі, гольф секілді спорт түрлерімен айналысады

АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. Түрікменстан президенті жоғары жылдамдықтағы спорт көлігін құрастырып, оны өзі сынақтан өткізген. Бұл жайында Түрікменстанның бұқаралық ақпарат құралы жаппай көрсетіп, насихаттап жатыр, деп жазды centralasian.org.   

"Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өзі сызған сызба бойынша аса жоғары жылдамдықпен жүретін спорт көлігін өз қолымен құрастырып шықты. Сосын оның мүмкіндігін сынақтан өткізді", — деп хабарлады ТДХ мемлекеттік ақпарат агенттігі.

Жүгері - Sputnik Қазақстан
Түрікменстанда халық жүгері нанымен күнелтіп жатыр

Ресей басылымдардың хабарлауынша, бұл 19 маусымда ол Ашхабадтағы спорт көлігі орталығына барған кезде болған. Мемлекет басшысымен бірге ұлы Сердар еріп барған.

"Көліктерді қарап жатып түрікмен лидері қозғалтқыштарын тексерді. Дөңгелегін және басқа қосалқы бөлшегін ауыстырған. Сосын эстакадада маңызды жүрме бөліктерінің агрегаттарын қарап шығып, мықтылығын тексерді. Президент кез келген істі аса жауапкершілікпен қарайтынын басқа да істерінен көреміз. Атап өту керек, президент вело- және авто жарыстарда өзі атсалысып ғана қоймай, оның ғажап инженерлік танымы бар екенін көруге болады", — деп жазады мемлекеттік басылымдар.  

Түрікмен президенті жарыс көліктерін жүргізуден басқа, ат шабысы, веложарыс, шығыс жекпе-жегі, гольф секілді спорт түрлерінен өзінің шебер екенін де көрсетіп келеді. Бұдан бөлек ол әртүрлі тақырыптағы 40-қа жуық кітаптың авторы. Оның бірнеше ғылыми атағы бар. Сонымен бірге былтыр қару-жарақты қалай қолдану керектігін сарбаздарға үйретіп, оқу-жаттығу жүргізген.

Түрікменстанда бір адамға бір келі ұн, жарты келі қанттан ғана сатылып жатыр>>

Қазіргі кезде Түрікменстан "Амуль-Хазар 2018" халықаралық автораллиге дайындық жүргізіп, Ұлы Жібек жолымен веложарыс және жеңіл атлетика өткізуді қолға алып жатыр. Бұл шараны түрікмен президенті тікелей өзі қадағалап отырады. 

 

Жаңалықтар
0