Инелер

Денесінен қыруар ине табылған сәби дәрігерлерді шошытты

920
(Жаңартылды 13:59 08.07.2018)
Баланың басы, мұрны, мойны, кеудесі, аяғы мен денесінің басқа мүшелерінен көп ине табылған

АСТАНА, 5 шілде — Sputnik. Тәжікстанда дәрігерлер он айлық баланың денесінен қыруар ине алып шықты.

Жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлағандай, Душанбедегі "Караболо" ұлттық медициналық орталығына 28 маусымда он айлық сәби түскен. Анасы баланың аузынан ине алып шыққаннан кейін, туыстары дәрігерге қаратпақшы болыпты.

"Дәрігерлер баланың басы, мұрны, аяғы, мойны, кеуде қуысы мен басқа да дене мүшелерінде ине бар екенін анықтаған. Алайда бірінші операция кезінде инелердің бәрін алып шығу мүмкін болмады", — деп жазады портал.

Бір қызығы, жанына батып ауырмаған, операцияға дейін де, кейін де өзін тыныш ұстапты.

Аружан Сайын әлдекім денесіне қасақана ине тыққан қыздың тағдыры туралы айтты

Баланың әкесі жұмыс іздеп шетелге кетсе, анасы – үй шаруасында, балаларды бір өзі тәрбиелеп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, осындай жайт Өзбекстанда да болған. Он бір айлық бала әл үстінде ауруханаға түсіп, дәрігерлер оның денесінен он алты ине тапқан еді. Бірақ он үш инені ғана алып шыққан.

920
Кілт сөздер:
операция, дәрігерлер, аурухана, сәби, ине, Тәжікстан
Ашхабад

Коронавирус жоқ ел халықты COVID-ке қарсы вакцина салдыруға міндеттеді  

2054
(Жаңартылды 15:42 07.07.2021)
Түрікменстан билігі 18 жастан асқан азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндеттеді 

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Түрікменстанда 18 жастан асқан адамдар COVID-ке қарсы вакцина салдыруға міндеттелді.

"18 жастан асқан адамдар профилактикалық екпеге медициналық қарсы көрсетілімдері болмаса, COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдыруға тиіс", - деп жазды РИА Новости.     

Вакцинаның қандай да бір компонентіне аллергиялық реакциясы бар адамдар, жүкті және бала емізетін әйелдер, кәмелетке толмағандар, сондай-ақ жедел және созылмалы аурулары бар, дене қызуы жоғары адамдар вакциналаудан босатылады.

"Жаппай тексеріс болады": вакцина салдырмағандар қанша айыппұл төлейді

Түрікменстанда COVID-19-ға қарсы профилактикалық вакциналардың қажетті қоры жасалды, халықты коронавирусқа қарсы вакцинамен қамту жұмыстары жүргізілуде.  

Түрікменстанда бұған дейін бірнеше ай бойы тәуекел тобындағы адамдар мен қарттар коронавирусқа қарсы вакцинаны өз еркімен салдырды.

Ресми мәліметке сәйкес, Түрікменстанда коронавирустың жаңа түрі (яғни Ухань вирусы мен оның мутациялары) тіркелген жоқ. Сонымен бірге елде маска режимі және сауда, қызмет көрсету және көлік салаларында бірқатар шектеу енгізілді. Қазіргі таңда кейбір шектеулер алынып тасталды.

2054
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Архивтегі фото

Тас боратқан: Әкесін жерлеп келе жатқан ер адамды қан-жоса етіп ұрып кетті видео

2803
Ерегістің соңы көп ұзамай төбелеске ұласқан. Ер адамдар бір-біріне тас лақтырған  

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Өзбекстанның Науаи облысында әкесін жер қойнына тапсырып келе жатқан жергілікті тұрғынға бір топ адам тас боратқан.  

Жанжалдың видеосы желіде тарап кетті. Бұл жағдай облыстық ішкі істер басқармасының назарына ілікті, деп жазды Sputnik Өзбекстан.

Оқиға Газганда 16 маусымда таңғы сағат 8-дің кезінде болған. 

ІІБ мәліметінше, ер адам жерлеу рәсімінен үйіне қайтып бара жатқан. Жолда жергілікті тұрғынды кездестіріп, онымен сөзге келіп қалған.  

Әйел жанжалға күйеуін араластырған, ал ол бірнеше танысын жинап, әйелін ренжіткен адамның үйіне барған.

Алайда ерегістің соңы көп ұзамай төбелеске ұласыпты. Ер адамдар бір-біріне тас лақтырған.

Салдарынан олардың екеуі жарақат алды, оның бірі – жерлеу рәсімінен қайтқан ер адам.  

Зардап шеккендердің барлығы жергілікті клиникадағы дәрігерлерге көрінді. 

2803
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0