Сәби

Көпбалалы отбасында салмағы 8 келі сәби дүниеге келді

2175
(Жаңартылды 17:11 25.07.2018)
Бұл Тәжікстан тарихында алғаш рет болып отыр. Анасының айтуынша, басқа төрт баласы қалыпты салмақпен туған

АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Тәжікстанда салмағы 8 килограмм сәби өмірге келді. Алып нәресте – отбасының бесінші баласы.

"Мир 24" телеарнасы хабарлағандай, бұл ел тарихындағы алғашқы оқиға екен.

Баланың отбасы Куляб қаласында тұрады. Сәбидің атын Худодод деп қойыпты, қазақшаға аударғанда "Құдайберген" дегенді білдіреді. Нәресте туа бітті семіздікке шалдықпаған, тек денесі ірі болып жаратылған, деп түсіндірді дәрігерлер.

Дәрігерлердің айтуынша, анасы қиналып босаныпты. Дүниеге келген соң бастапқыда оттегі маскасымен демалдыруға тура келген.

Сәбиінің мұншалықты ірі денелі болуы анасын да таңғалдырды.

Оралда 31 жастағы әйел батыр ана болды

"Ата-тегімізде мұндай болмаған. Төрт балам туған кезде салмақтары үш жарым-төрт жарым келі болатын", – дейді батыр тұлғалы нәрестенің анасы Тахмина Одинаева.

Қала әкімшілігі отбасыға баға жетпес сыйлық жасады – отбасы мен бала үшін тегін медициналық жәрдем, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Қызылорда облысында Нұрпрезидент есімді сәби өмірге келді

2175
Кілт сөздер:
әлеуметтік көмек, дәрігерлер, көпбалалы отбасы, батыр ана, жаңа туған сәби, нәресте, Тәжікстан
Тақырып бойынша
Қостанайда үшем дүниеге келді
Сәби ата-анасы өлгеннен соң 4 жылдан кейін дүниеге келді
Ринат Зайытовтың бесінші баласы дүниеге келді
Ақтауда алып бала дүниеге келді
Мессидің үшінші баласы дүниеге келді
Қырғызстан туы

Қырғызстанда ел атауын өзгерту ұсынылды

2559
Конституциялық кеңес мүшелерінің бірі мемлекетте халық билігі енгізілетіндіктен, ел атауында "халық" сөзі болуы тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қырғызстанда Конституциялық кеңестің отырысында ел атауын өзгерту ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Кыргыз жолу" қоғамының басшысы Қадыр Қошалиев ел атауын "Кыргыз Эл Республикасы" (Қырғыз Халық Республикасы) деп өзгертуді ұсынды.

"Бізде халық билігі енгізілетіндіктен, мемлекеттің атауында Қытайдағы сияқты (Қытай Халық Республикасы) халық сөзі болуы тиіс", - деді Қошалиев Конституциялық кеңестің отырысында.

Сондай-ақ, бұрынғы әділет министрі Марат Қайыпов ел атауының орыс тілінде жазылуына қатысты ойын айтты.

"Орыс тілінде "Республика Кыргыз" деп дұрыс жазу қажет, сонда басқа ұлттар өкпелемейді. "Кыргызская Республика" дегенде тек қырғыздардың елі деп ойлап қалуы мүмкін. Ал "Республика Кыргыз" атауынан барлық ұлтты бір шаңырақ астына ұйыстырған ел екенін түсінуге болады", - деді экс-министр.

Еске салсақ, 20 қарашада Ата заңның жобасын талқылау үшін Конституциялық кеңес құрылды. Оның құрамына 89 адам кірді.

Бұған дейін Жогорку Кенештің 80 депутаты Конституцияның жаңа жобасы мен референдум өткізу туралы заң қабылдау бастамасын көтерген еді. Референдумды президент сайлауымен бір күнде – 10 қаңтарда өткізу жоспарланып отыр.

2559
Кілт сөздер:
атаулар, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Қырғызстан басшысы Тоқаевқа алғыс білдірді
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Жапаров отставкаға кететін болды
Таразы, архивтегі сурет

Шенеуніктердің артық салмағымен күресу жолы табылды

45
2021 жылдан бастап көрші елдегі мемлекетттік органдар қызметкерлері үзіліс кезінде міндетті түрде гимнастика жасайтын болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Өзбекстанда шенеуніктердің артық салмағы заңнамалық деңгейде қадағаланатын болды. Көрші ел президенті Шавкат Мирзиёев тиісті жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, мемлекеттік орган мен ұйым қызметкерлері, жетекшілері дене шынықтырумен айналысуға міндеттеледі. Түрлі спорт сайыстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап аптасына кем дегенде бір рет спортпен шұғылдану қарастырылған. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап жұмыстағы үзіліс кезінде гимнастика жасалады. 

Бұдан бөлек, 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін "Өзбекстанның ұлттық және спорттық ойындары энциклопедиясы" жарық көреді.

Еске сала кетсек, Қазақстанда денсаулық министрлігі жұмыс берушілерді қызметкерлерге дене шынықтыру өткізуге міндеттеді. 

45
Кілт сөздер:
артық салмақ, шенеунік, Өзбекстан
Тақырып бойынша
Қарындағы май несімен қауіпті – дәрігерлер бірнеше себепті атады
Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео
Қыста артық салмақ жинамау үшін не істеу керек – дәрігер құпияны ашты
Ғалымдар артық салмақ пен коронавирус арасында қандай байланыс барын айтты
Денедегі артық май қайдан пайда болады - ғалымдар басты себепті атады
Планшетпен отырған бала, қашықтан оқыту

Министрлік ата-аналардың чатында тараған қауіпті ойын туралы ақпаратқа түсініктеме берді

0
Ата-аналардың үрейін туғызған компьютерлік ойын туралы хабарлама ішкі істер және ақпарат министрліктеріне жолданды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Ата-аналардың чатында балаларды суицидке итермелейтін танымал компьютерлік ойын туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан білім министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті осыған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл ақпаратты бірден өкілетті органға – ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолдады. Олар бұл контентті зерделеп, бұғаттау мәселесін шешеді. Сондай-ақ, контенттің қауіпсіздігін тексеру үшін "Киберқадағалау" ақпараттық жүйесіне орналастырдық, - делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған қоса, шындыққа жанаспайтын хабарлама таратқандарға шара қабылдау үшін ақпарат ІІМ-ге жіберілді.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жалған ақпарат таратпауды және, қажет болған жағдайда, сенім телефонына хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 74-25-28 және +7 (778) 289-81-57.

Сонымен қатар, тәулік бойғы BALA QORGAU телеграм-чатына да жүгінуге болады.

Тағы оқыңыз: Зағипа Балиева әлеуметтік желілерде қауіпті топтар пайда болғанын ескертті

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Among Us ("Біздің арамызда") ойыны туралы ақпарат пайда болды. Анонимді аудиохабарламада ойынның балаларды суицидке итермелейтіні айтылған.

Among Us – қолданушылары көп компьютерлік ойын. Оны америкалық InnerSloth компаниясы әзірлеген. Ойын 2018 жылы 15 маусымда шықты. Ғарыш кемесіне "жиналған" ойыншылар екі командаға – экипаж мүшелері және сатқындар деп бөлінеді.

2018 жылы ойын қатты танымал болмаған еді, бірақ биыл Twitch пен YouTube-тің арқасында кең таралды.

0
Кілт сөздер:
оқушылар, ата-аналар, қауіпті ойын, Білім және ғылым министрлігі