Қыз бен жігіт

Өзбекстанда қос ғашық өздеріне қол салды

1491
(Жаңартылды 13:45 15.08.2018)
Қаза тапқан жастар үйленгісі келіпті, бірақ туыстары келісім бермеген

АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. Өзбекстанда қос ғашық өздеріне қол салды.

Сурхандарья облысында он жеті жасар бойжеткен мен жиырмадағы жігіт үйленгісі келген. Алайда қыз жағы олардың отау құруына қарсы болыпты.

Sputnik Өзбекстан өңірлік басылымдарға сілтеме жасап хабарлағандай, оқиға ауылда болған.

Қыз бен жігіттің қазасына байланысты прокуратура қазір тергеу жүргізіп жатыр.

Жастар арасындағы проблемасы Қазақстанда да өршіп тұр. Психологтардың айтуынша, өскелең ұрпақ психологиялық жәрдемге мұқтаж.

Анасына өкпелеген бозбала өз-өзіне қол салды

1491
Кілт сөздер:
Өзбекстан, қыз бен жігіт, өз-өзіне қол салу, отбасы, тергеу
Тақырып бойынша
ОҚО-да суицид жасаған полицейге қатысты жаңа деректер шықты
Балиева: балалар арасында суицид деңгейі төмендеп келеді
Әлеуметтік желіден өзі жайлы видеоны көрген 10 жасар қыз суицид жасады
Ауған босқындары

Тоқаев пен Путин Ауғанстандағы жағдайды талқылады

80
(Жаңартылды 16:13 15.09.2021)
Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті тақырыптарды, соның ішінде COVID-19 індетімен бірлесіп күресу жайын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

"Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-шаралары өтетіндіктен ауған проблемасы жан-жақты талқыланды", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті тақырыптарды, соның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен іс-әрекеттерді талқылады.  

Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 35 этникалық қазақ – қандасыс Ауғанстаннан тарихи отанына оралды.

Оқи отырыңыз: Ауғанстаннан 35 қандас Қазақстанға оралды 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 18 тамызда Қазақстан Ауғанстаннан 25 азаматын, Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын шығарды.   

80
Мерьем Узерли

"Хюррем сұлтан" Қырғызстанда не үшін көзіне жас алды видео

122
"Сүлеймен сұлтан" телехикаясының актрисасы Мерьем Узерли алғаш рет Қырғызстанға келді  

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. "Сүлеймен сұлтан" телехикаясының жұлдызы Мерьем Узерли Қырғызстан әншісі Нұрайым Азықбаеваның өнеріне тәнті болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от meryemuzerlimeryem (@meryemuzerlimeryem)

Азықбаеваның ағылшын тіліндегі әні "Хюррем сұлтанның" көңілін босатып, көзіне жас алдырды. Видеоны актриса өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

"Құрметті Нұрайым! Сіздің күш-жігеріңіз, әнді орындау шеберлігіңіз, тамаша дауысыңыз бен әніңіз, бізге деген махаббатыңыз, біз үшін ән айтқан сәтіңіз менің көңілімді толқытып, жүрегімді елжіретіп жіберді. Мені осы сезімге бөлегеніңіз үшін мың алғыс. Сіз керемет әртіссіз", - деп жазды түрік-неміс актрисасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от meryemuzerlimeryem (@meryemuzerlimeryem)

Ол Қырғызстанға Азия халықаралық кинофестивалінің шақыруымен ұшып келді. Актриса Азияда түсірілген телехикаяларға арналған жүлде туралы айтып, оны таныстырды. Узерли Бішкекте жанкүйерлермен кездесе алмады – пандемия мен тығыз жұмыс кестесі кедергі болды. Актриса Қырғызстанға алғаш рет келгенін және бұл ел туралы көп оқығанын айтты.

Ол жергілікті салт-дәстүрмен, мәдени ерекшеліктермен танысты. Делегациямен бірге бірнеше көрікті жерді аралады, тіпті жергілікті музейді де тамашалап үлгерді.  

122
Нұр-Сұлтан

Синоптиктер 19 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжады

44
Бірқатар облыста найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейсе, кейбір өңірде үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігі солтүстік антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына әлі де солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді, жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді", - деп хабарлады синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстік-шығыс және шығысында тұман түсіп, жел15-20-ке дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстік және орталығында тұман түседі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік және орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батыс, батыс және орталығында, Қарағанды облысының оңтүстік және орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және орталығында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаумайды. Күндіз ауа температурасы +8..+10 °C, түнде +1..+3 °C. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Алматыда күн бұлтты болады, күндіз ауа температурасы +31..+33 °C, түнде +18..+20 °C.

Шымкентте күн ашық, ауа температурасы күндіз +28..+30 °C, түнде  +13..+15 °C болады.

44