Әлем

Әлеуметтік желіде президентке аузына келгенін айтқан жігіт ұсталды

© AP Photo / Peter DejongҚолына кісен салынған адам, архивтегі фото
Қолына кісен салынған адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желілерде тараған видеода өзін Ұлан деп таныстырған ер адам Қырғызстан президентін балағаттап, есірткі дайындайды. Ол Ыстық көлдегі пансионаттардың бірінде ұсталды

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековті балағаттап, есірткіні дайындау әдісін көрсеткен видеоүндеу кейіпкері ұсталды, деп хабарлады Қырғызстан ІІМ. 

сотта отырған әйел, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Талдықорғанда полицейді балағаттаған әйел жазасын алды

Видео 17 тамыз күні кешке әлеуметтік желілерде таралған. Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қырғызстандықты сол күні сағат шамамен 22.00-де Ыстық көл облысының Бозтері ауылындағы пансионаттардың бірінде ұстады. 

"Ұсталған азамат 28 жаста, ол Бішкекте тұрады. Одан 20 грамм есірткі тәркіленді. Ер адам уақытшы ұстау абақтысына қамалды. Ата-анасының айтуынша, бұрын басынан жарақат алған, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады", — деп жазылған хабарламада.

Sputnik Қырғызстан агенттігінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 246-бабы (Есірткі заттарын заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе жөнелту) бойынша қылмыстық іс қозғалды.   


Жаңалықтар
0