Әлем

Қазақстан құрамасы мәскеулік қарсыласын ойсырата ұтты - видео

© Sputnik / Табылды КадырбековҚазақстанның көкпар құрамасы
Қазақстанның көкпар құрамасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның көкпаршылары Қырғызстандағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қола жүлде иеленді

АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның көкпар құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жарысын аяқтап, елге қола жүлдемен оралады.

Қазақ көкпаршылары мәскеулік қарсыластарына 3-орын алуға ешқандай мүмкіндік қалдырмады.

Отандастарымыз ресейліктерді 17:1 есебімен ойсырата ұтқан.

Биыл Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпар жарысының финалында әдеттегі "азиялық эль-классико" – Қазақстан мен Қырғызстан тартысы болмайды.

Көкпар ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне Қырғызстанның атынан енгізілді - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ көкпаршылардың өзбектерден әдейі жеңілгені рас па - федерация жауабы

Қазақстан құрамасы жартылай финалда өзбектерден жеңіліп, жұрттың жағасын ұстатты. Тіпті ұлттық құрамаға қырғыздардан қорқып, әдейі жеңілді деген сын айтылды. 

Қазақстанның көкпар федерациясы түсіндіргендей, Көшпенділер ойындарына тәжірибе жинау үшін жас көкпаршылар жіберілген.

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жалпы есепте 3-орында тұр.

Жаңалықтар
0