Әлем

Тойда билеп жүрген келіншекті бір тепкен жігіт жұрттың ашуына тиді- видео

© Sputnikәйел
әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желі қолданушылары ер адамды бұл ерсі қылығы үшін сөгіп жатыр

АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. Әлеуметтік желіде тойда билеп жүрген келіншекті арт жағынан келіп бір тепкен ер адамның видеосы тарап жатыр.

Оқиғаның қайда болғаны және оның мән-жайы белгісіз. Бірақ желі қолданушыларының болжамынша, оқиға Қырғызстанда болған, ал видеодағы ер адам өзінің әйелін бір тепкен. Тойда қырғыз әні жүріп тұр және қонақтар қалпақ киіп алған.

Әлеуметтік желіде бұл видео қызу талқылануда. Жұрт жүздеген пікір жазып, ер адамды ерсі қылығы үшін сөгіп жатыр.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі әйелден шағым түскен жағдайда ғана тексеріс басталатынын айтты, деп жазады Sputnik Қырғызстан. 

Жаңалықтар
0