Қарт адам, архивтегі фото

Тойда ақсақалды итеріп жіберген жігіт масқара болды видео

4839
(Жаңартылды 17:59 07.11.2018)
Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға Қырғызстанда болған деп есептейді

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Әлеуметтік желілерде қарт адамның билеп жатқан қыз бен жігітті тойдан қуып шыққан сәті түсірілген видео таралып жатыр.  

Видеодан ақсақал "жын ұрған" жастарға жақындап, оларды тоқтатпақ болғанын байқауға болады, алайда жас жігіт оны ақырын итеріп жібереді. Зейнеткер бишілерге таяғын кезенген кезде, екеуі де қашып құтылады. 

Қолданушылар оқиға Қырғызстандағы тойда болған деп есептейді. Пікір қалдырғандардың көбісі жастардың ерсі қылығын айыптап, ақсақалға қолдау білдірді, деп жазды Sputnik Қырғызстан. 

 


4839
Кілт сөздер:
би билеу, той, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Үндіге еліктеймін деп күлкіге қалды: тойда болған ерекше оқиға – видео
Тойда билеп жүрген келіншекті бір тепкен жігіт жұрттың ашуына тиді- видео
Қалыңдық тойда билеп жүріп аяғын сындырып алды
Таразы, архивтегі сурет

134 кг болған: жас жігіт 60 келі артық салмақтан арылды видео

792
Бір жыл бұрын бұл жігіттің салмағы 134 келі болған. Алайда ол бар болғаны бір жыл ішінде алпыс келіге арықтады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қырғызстандық Орозбек Мейманбек уулуның салмағы бір жыл бұрын 134 келі болған. Ол өзі артық салмақтан арылып, өзгелерге үлгі болып жүр.

Жігіт жас кезінде арық болған, алайда 5-сыныпта салмақ қоса бастады. 16 жасында 93 келі, бірер жылдан соң салмағы 134 келіге жетті, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Орозбектің айтуынша, артық салмақ салдарынан тыныс алу қиындаған. Қозғалып, дұрыс ұйықтаудың өзі арманға айналған. Сол кезде жігіт спортзалға барамын деп шешті. 

"Бәрі дұрыс тамақтанбау салдарынан туындады деп ойлаймын. Мен фастфудты көп жедім... Бастапқыда жаттығу қиын болды, сүйектерім ауырды. Кейін дәрумендер іше бастадым. Алғашқы айда 13 келіге арықтадым, бірден өзіме деген сенім пайда болды", - дейді Орозбек.

Жігітке пауэрлифтингтен Қырғызстанның абсолютті чемпионы - кәсіби бапкер, бодибилдингтен Азия чемпионы Келдибек Атайбек уулу көмектесіп жүр.

Чемпион жаттықтырған адамдар ішінде арықтау көрсеткіші бойынша Орозбек рекорд орнатты. Жаттықтырушының айтуынша, жігіт өзі ғана артық салмақтан арылып қана қоймай, өзгелерге үлгі болып жүр.

"Мен арықтаған кезде анам қатты қуанды. Туыстарым мен достарым өте таңғалды. Жастардың көп уақыты телефон мен компьютерге кетеді. Күніне бір сағатты жаттығуға арнасаңыз тиімділігі мен пайдасы көп болады", -  деді Орозбек.

Енді ол тағы біршама арықтап, әскерге бармақ. Бұдан соң Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің академиясына оқуға түсуді жоспарлап отыр.

792
Кілт сөздер:
жас жігіт, видео, артық салмақ
Тақырып бойынша
"Адам танымастай өзгерді": хирург бір көліктің құнына ота жасатқан қыз туралы айтып берді
"Өзімді басқаша сезінемін": жігіт 3 жылда адам танымастай өзгеріп кетті - фото
Қыста артық салмақ жинамау үшін не істеу керек – дәрігер құпияны ашты
Ғалымдар артық салмақ пен коронавирус арасында қандай байланыс барын айтты
110 келіге арықтады: белгілі дәрігер салмақтан арылудың бірегей тәсілі туралы айтты
Қырғызстандағы сайлау, архивтегі фото

Қырғызстанда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

370
(Жаңартылды 14:03 24.10.2020)
Елдің орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарында өткізу туралы шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Біз кеше президент әкімшілігінің басшылығымен конституциялық заңның талаптары жайлы сөйлестік, оған сәйкес бұл сайлау ОСК және басқа да органдардың қандай да бір шешімінсіз-ақ тағайындалған болып саналады. Конституцияда солай жазылған. Біз тек күнді белгіледік", - деді ОСК төрағасы Нұржан Шайлдабекова.

Оқи отырыңыз: Қырғызстанның экс-премьеріне іздеу жарияланды

Айта кетейік, осы күні Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауын өткізу жоспарланып отыр.

370
Кілт сөздер:
Қырғызстан, президент сайлауы
Тақырып бойынша
Қырғызстан азаматтары Қазақстанға заңсыз өтпек болды
Тоқаев: Жээнбеков – Қырғызстанның легитимді президенті
Отбасымен қамауға алынды: Қырғызстанның экс-президентіне қатысты ақпарат тарады
Қырғызстан премьері президент міндетін атқаратын болды
Қазақстан сыртқы істер министрі Қырғызстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Сапасыз жол

Жол сапасыз салынса, қайда хабарласу керек?

0
Сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығының" бас директоры Замир Сағынов халықты жолдардың сапасын бірлесіп бақылауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"739-739 телефонына (Нұр-Сұлтанда - Sputnik) қоңырау шалуға болады. Бұдан бөлек, ресми сайтымыз, әлеуметтік желілерде парақшаларымыз ашылған. Сол жерде жазып, арыз-шағым түсіруге болады. Біз бірден барып, жолдың сапасын тексере аламыз", - деді Сағынов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Осы орайда орталық басшысы халықты жолдың сапасын бірлесіп бақылауға үндеді. Себебі мамандар барлық жолды тексере алмайды. Ал нақты арыз-шағымдар түссе, орталық қызметкерлері сол жерге барып, зертханалық тексеру жасай алады. 

"Негізі, сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар. Мысалы, аудандық әкімдіктерді алатын болса, бір бөлімде екі-үш адам ғана жұмыс істейді. Сосын жолдың сапасы бойынша арнайы маманы жоқ. Ал арнайы маман болмағасын, құжаттар да дұрыс жасалмайды", - деп атап көрсетті Сағынов.

Оның айтуынша, бүгінде осы салада кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне баса назар аударылады. Арнайы акция басталды, жоғары оқу органдарымен бірлескен шаралар қолға алынды. Соның арқасында жас мамандардың саны біртіндеп көбейіп жатыр.

0
Кілт сөздер:
шағым, жол