Архивтегі фото

Көлік базарынан айуандықпен өлтіріп кеткен оқушының мәйіті табылды  

2410
(Жаңартылды 13:45 13.02.2019)
Бозбала 12 ақпан күні түнде үйінен шығып кеткен, ал таңертең оның денесі табылған

АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қырғызстанның Қаракөл қаласында №5 орта мектептің оқушысын өлтіріп кетті, деп хабарлады Ыстық көл облысы Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі.

Сейсенбі, 12 ақпан күні сағат 8:23-де, Қаракөл ІІБ кезекші бөліміне автокөлік базарының жанынан мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген милиционерлер денеде зорлықпен өлтіру белгілері бар екенін анықтады, жақын жерден қанға боялған таяқ табылған, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

Оқушы 18 жаста болған. Ата-анасының айтуынша, ол 12 ақпанға қараған түні үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Дерек Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 130-бабы  бойынша ("Кісі өлтіру") қылмыстардың бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

2410
Кілт сөздер:
мәйіт, автокөлік, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Оқушыны соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте оқушыны көлік қағып, бірнеше метрге ұшырып жіберді
Тоғыз оқушыны қанжармен өлтірді: қылмыскер өлім жазасына кесілді
Директор сабаққа кешіккен оқушыны ұрып, құлағының пердесін жарып жіберді
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев

Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевқа қатысты үкімнің күші жойылды

2788
(Жаңартылды 20:00 30.11.2020)
2020 жылы маусымда Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Әзиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты  іс бойынша 11 жыл және екі айға бас бостандығынан айырылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Қырғызстанның Жоғарғы соты елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевқа кесілген үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберді.

"Алдыңғы екі инстанцияның шешімі жойылды. Істі жаңадан қарау үшін Первомай аудандық сотына жіберілді", - деп РИА Новости сот кеңсесі өкілінің сөзінен үзінді келтірді.  

Еске сала кетейік, 2020 жылы маусымда Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Әзиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты іс бойынша 11 жыл және екі айға бас бостандығынан айырылған болатын. Бішкек қалалық соты 14 тамызда бұл шешімді күшінде қалдырды.

Оқи отырыңыз: Алмазбек Атамбаев аштық жариялады

Былтыр 7 тамыз күні кешке Қой-Тас ауылында Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің арнайы жасағы Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын өткізді, алайда оған экс-президенттің жақтастары тойтарыс берді.

Келесі күні, 8 тамызда тәртіп сақшылары саясаткерді тұтқындады. Сондай-ақ оның бірнеше жақтасы қамауға алынды.

Атамбаев босатылып, үйқамаққа алынды

6 қазанға қараған түні Бішкекте наразылық білдірушілер экс-президент Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторынан шығарып алды, сонымен қатар бұрынғы жоғары лауазымды бірнеше шенеунік босатылды.

9 қазанда экс-президент Бішкектегі митингіде сөз сөйлеп, өзіне билік қажет емес екенін мәлімдеді.   

2788
Кілт сөздер:
Алмазбек Атамбаев
Тақырып бойынша
Алмазбек Атамбаев өзін қамауда қалдыруды сұрады
Тоқаев: Жээнбеков – Қырғызстанның легитимді президенті
Қырғызстан премьер-министрінің кандидатурасы бекітілді
Қырғызстанның экс-премьеріне іздеу жарияланды
Ат, архивтегі сурет

Мейрамханаға атпен кірді: жас жұбайлардың видеосы қызу талқыланып жатыр

603
Бұған дейін қазан айында жас жұбайлардың достары мен туыстары көшеде би билеу үшін жолдарды жапқан

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша - Sputnik. Өзбекстанда жас жұбайлар тойды ерекше өткізу үшін мейрамханаға атпен кірді.

Желіде осы тойдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Кейбір желі қолданушылары той Самарқанд ауданында болғанын жазып жатыр. 

Бұған дейін қазан айында үйлену тойын өткізу үшін Самарқандта жолдарды жапқан. Олардың достары мен туыстары көшеде би биледі.

Оқиғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Эпидемиямен күрес ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлейді.

603
Кілт сөздер:
видео, үйлену тойы, ат, Өзбекстан
Тақырып бойынша
"Мамамды шақырыңдар": Орал тұрғыны үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды
"Ойлаған жоқпын": Қазақстандағы үйлену тойы желіде қызу талқыланып жатыр – видео
Үйлену тойының фотосессиясы кезінде бірнеше адам көз жұмды: арасында қалыңдық та бар
Қалыңдықтың үйлену тойында жасаған әрекеті қайғылы жағдайға әкеп соқты
Үйлену тойына дайындалып жатқан отбасы қара жамылды: ауыл тұрғындары не дейді
Видеообращение преподавателей гуманитарного колледжа Нур-Султана к Токаеву

Астаналық оқу орнының қызметкерлері Тоқаевтан көмек сұрап, бейнеүндеу жолдады

44
Гуманитарлық колледж 1928 жылы құрылған. Сол уақыттан бері оқу орны қала мен аймақтарды педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етті

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтан гуманитарлық колледжінің қызметкерлері президент пен білім министрі атына оқу орнын жаппау және оны "Астана" университетінің сенімді басқаруына бермеу туралы үндеу жолдады.

Колледж тағдыры кейінгі бес жыл бойы шешіліп келеді. 2019 жылдың 19 тамыздағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты бойынша Нұр-Сұлтан әкімдігінің "Гуманитарлық колледжін" "Астана Халықаралық университетінің" сенімді басқаруына беру көзделген. Оның ішінде колледжге тиесілі жер учаскесі, оқу корпусы, жатақханалар мен барлық кадрлық құрам және студенттер де бар.

Алайда 2020 жылы қала әкімдігінің 2020 жылдың 11 қыркүйектегі гуманитарлық колледжді қайта ұйымдастыру туралы қаулысымен оқу орны Қоғамдық тамақтану және сервис колледжіне қосылды. Ал ол колледж педагогикалық мамандықтар бойынша кадр даярламайды.

"Қаулыға сәйкес мүлік және сенімді басқаруға байланысты барлық қызмет берілді. Ұжыммен өткен жиналыста білім басқармасының өкілдері қайта ұйымдастыру рәсімі педагогикалық ұжымға да, колледж әкімшілігіне де әсер етпейтінін айтты. Алайда білім басқармасының 13 қарашадағы бұйрығымен колледж директоры мен директордың барлық орынбасары жұмыстан босатылды. Оқу жылының ортасында колледж басшысыз қалды", - делінген қызметкерлердің ұжымдық үндеуінде.

Сонымен қатар әлі күнге дейін колледждің алдағы уақытта қалай жұмыс істейтіні айтылмаған.

"Біреудің мүддесін көзделіп отырған сияқты көрінеді. Ғасырлық тарихы бар колледж құрылғанына екі жыл болмаған және білім беру қызметі нарығында өзін дәлелдемеген ЖОО-ға қандай талап бойынша беріледі. Қалада бастауыш және мектепке дейінгі білім беру бойынша педагог кадрлардың жетіспеушілігі сезілетін уақытта елордадағы жалғыз педагогикалық колледждің жабылуы педагог кадрлардың азаюына, кадр даярлау сапасының төмендеуіне әкеледі. Өйткені білім алушылардың ата-анасы оқу орнын таңдау кезінде бірінші кезекте колледж имиджіне қарайды", - деп нақтылады колледж қызметкерлері.

Сонымен қатар гуманитарлық колледж қызметкерлері Қасым-Жомарт Тоқаевтан, білім және ғылым министрінен колледжді "Астана" халықаралық университетіне сенімгерлік басқаруға бермеуді сұрады.

Білім басқармасы не дейді

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының хабарлауынша, "Гуманитарлық колледжді"  "Астана Халықаралық университетіне" сенімгерлік басқаруға беру жобасы 2019 жылы іске асырылды.

Бұл жобаға сәйкес, білім берудің оқу процесін құру үшін жеке әріптестің 1 000 орынды оқу корпусын қосып, қолданыстағы колледж базасында "Колледж-институт" педагогикалық  кешенін құру көзделіп отыр.

"Гуманитарлық колледж өз жұмысын университет жанындағы колледж ретінде жалғастырады. Бұл өз кезегінде үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету, бюджетті оңтайландыру және білім саласына жекеменшік серіктестерді, яғни инвестиция тарту мақсатында жасалып отыр", - деді білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін оқу орнының қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжіне қосылғаны хабарланды. Басқарманың айтуынша, қазір қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі "Астана Халықаралық университетіне" сенімгерлік басқаруға берілу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Азаматтық кодексте  "Заңды тұлғаның қызметін тоқтату" туралы ұғым жоқ. Кодексте "Заңды тұлғаның қызметін қайта құру және тарату" ұғымы қарастырылған. Осыған орай "Гуманитарлық колледж"  "Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжіне" біріктірілді. Бұдан әрі қарай біріктірілген колледж "Астана халықаралық университетіне" сенімгерлік басқаруға тапсырылады", - деп түсіндірді білім басқармасы.

Гуманитарлық колледж 1928 жылы құрылған. Сол уақыттан бері оқу орны қала мен аймақтарды педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етті. Қазір оқу орнында 1 748 студент білім алып жатыр және 250-ден астам оқытушы мен қызметкер жұмыс істейді.

44
Кілт сөздер:
бейнеүндеу, Қасым-Жомарт Тоқаев, колледж
Тақырып бойынша
Отставкаға дейін Тоқаев пен Назарбаев не туралы сөйлескені белгілі болды
"Енді кездеспейміз деді": Назарбаев жақындарының қазасы туралы айтты
Алматыда әбден ашынған балалар Тоқаевтан көмек сұрады
Мұхтар Шахановтың орынбасары Тоқаевтан көмек сұрады
COVID-19: Тоқаевтан соңғы рет ескерту алған әкім өңірдегі жағдайды баяндады