Әлем

Нұр-Сұлтаннан кейін: Қырғызстанда Бішкектің атауын өзгерту ұсынылды

© Sputnik / Михаил Дудин / Медиабанкке өтуБішкек
Бішкек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республика астанасына "Манас" дастанының бас кейіпкерінің есімін беру ұсынылған

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз — Sputnik. Мемлекеттік кеңесші, Қырғызстан президент аппаратының бұрынғы басшысы Эмилбек Каптагаев Бішкектің атауын Манас деп өзгертуді ұсынды.

Асқар Мамин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Ұрпақ алдындағы парызымыз" Асқар Мамин елорданың жаңа атауы туралы пікір білдірді

Каптагаевтың мәлімдемесін жергілікті БАҚ жазып, әлеуметтік желілерде де қызу талқылап жатыр.

"Сонша уақыт өткеннен кейін, көкейімізде сондай ой пайда болмас бұрын, бәлкім, астана атауын Манас қаласы деп өзгерткеніміз жөн шығар? Қай жағынан алып қарасақ та, әділетті болар еді. Ал қазіргі Свердлов ауданына Бішкек деген ат берейік, Пішпек бекінісі дәл сонда орналасқан. Ал Бішкек батырдың өмірде болғаны, атқарған еңбегі туралы дау көп, себебі тарихи сенімді дереккөздерде айтылмаған, ал аңыз-әңгімелер жыл сайын неге екені белгісіз құбыла береді", - деп ұсыныс білдірді Каптагаев Facebook желісінде.

Қырнет қолданушылары саясаткердің бұл пікіріне қарсы шығып, елорда атауын өзгертуден бас тартты.

Негізінде Бішкек қаласы да бірнеше рет атауын өзгерткен. Төңкеріске дейін Пішпек болып аталды. 1926 жылы жиырмасыншы мамырда қаланың тумасы, кеңестік әскери қолбасшы Михаил Фрунзенің құрметіне Фрунзе атауы берілген. Фрунзе 1936 жылы Қырғыз КСР астанасына айналған болатын.

1991 жылы 5 ақпанда Қырғыз КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен қала Бішкек деген атқа ие болды.

Пішпек деген бастапқы атаудың қайдан шыққаны белгісіз. Кей деректерге сүйенсек, қымызды пісетін арнайы құралды пішпек деп атаған.

Бішкек деген атау қырғыз қаһарманы Бишкек-баатырдың құрметіне қойылған екен.

Айта кетсек, Қырғызстан астанасындағы халықаралық әуежай Манас деп аталады.

Жаңалықтар
0