Әлем

Үшемнің орнына егіз босанды: "жоғалған" нәрестеге байланысты тексеріс аяқталды

© Sputnik / Зульфия ТургуноваГүлзина Әбдімәжітова, Ош облыстық перзентханасы
Гүлзина Әбдімәжітова, Ош облыстық перзентханасы   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі тексерісінің нәтижесіне шағымданушы тараптың көңілі толмай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр — Sputnik. Ош қаласында "жоғалған" нәрестеге қатысты тексеріс аяқталды. Оқиғаны Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған комиссия зерттеді. Олар тексеріс кезінде диагностикалық қате кетті деген шешім шығарған.  

Еске сала кетсек, 24 жастағы Гүлзина Әбдімәжитова Ош облыстық перзентханасында егіз баланы аман-есен дүниеге әкелген болатын. Алайда екіқабат кезінде ультрадыбыстық зерттеу оның үшем туатынын көрсеткен. Гүлзинаның 26 жастағы күйеуі Ынтымақ Базарбай Ош облыстық прокуратурасына дәрігерлердің үстінен шағым түсірді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Раиса Асылбашеваға сілтеме жасап.

"Жоғалған" нәресте қайда?

Раиса Асылбашеваның айтуынша, ультрадыбыстық зерттеу қорытындысы тексерілген. Оның нәтижесі құрсақта егіз бала болғанын көрсеткен.

"Ультрадыбыстық толқындардың әсерінен үшінші бала "елес ұрық" болып көрінген. Жүктіліктің 13-ші аптасында ультрадыбыстық зерттеу үшем болатынын көрсеткен. Алайда УДЗ суреті жоқ. 4 ақпан күні жүктіліктің 28-ші аптасында УДЗ кезінде егіз көрсетті. Яғни заманауи құрылғылар үшем болатынын көрсеткен жоқ. Қазір осы аппараттарды тексеру және дәрігерлерді қайта аттестациядан өткізу мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Асылбашева.

Оның айтуынша, бұған дейін де ультрадыбыстық зерттеу кезінде егіз көрсетіп, бір бала ғана дүниеге келген кездер болған.

Тағы оқыңыз: УДЗ бойынша үшем болуы тиіс

Гүлзина Әбдімәжитова тексеріс нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты. Оның анасы Жанаркүл Жүсіпова ультрадыбыстық зерттеу кезінде үшінші нәрестені өз көзімен көргенін айтады. Ол жиенін іздеуді тоқтатпақ емес.

Жаңалықтар
0