Әлем

Атамбаев ұлының аса қатыгездікпен соққыға жығылғаны рас па – министрлік жауабы

© AP Photo / Vladimir VoroninМашины скорой помощи стоят рядом с резиденцией экс-президента Кыргызстана Алмазбека Атамбаева в селе Кой-Таш
Машины скорой помощи стоят рядом с резиденцией экс-президента Кыргызстана Алмазбека Атамбаева в селе Кой-Таш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сейітбек Атамбаев Кой-Таш ауылындағы оқиғаға байланысты ІІМ-ге жауап алуға шақырылды

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз — Sputnik. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Алмазбек Атамбаевтың ұлы  - Сейітбек Атамбаев соққыға жығылды деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Сейітбек Атамбаев ІІМ тергеу қызметіне жауап алу үшін 8 тамыз күні шақырылды. Ешбір дене жарақаты жоқ. Келесі күні одан қосымша жауап алынды. Сейітбек Атамбаев аяғын қайырып алғанын айтты. Бұдан соң Манас даңғылындағы травматология бөліміне барды. Оның айтуынша, 7-8 тамыз күндері Кой-Таше ауылындағы оқиға кезінде жарақат алмаған. Шағым түсірген жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Қырғызстанның ІІМ Сейітбек  Атамбаев қай кезде жарақат алғанын анықтап жатыр.

Алайда Сейітбек Атамбаев Sputnik Қырғызстан тілшісімен сұқбат барысында жарақатты Кой-Таштегі оқиға кезінде алғанын айтқан.

Атамбаев қалай ұсталды

7 тамыз кешке Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.

Тағы оқыңыз: Путинмен кездескен Атамбаев мәлімдеме жасады

Саясаткерді ұстау операциясы екінші күні де жалғасты. Нәтижесінде Атамбаев қолға түсті. Енді ол 26 тамызға дейін тергеу абақтысында қамауда болады.

Соңғы деректер бойынша, екі күнге созылған қақтығыс салдарынан 136 адам зардап шеккен. Арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.

Жаңалықтар
0