Ат, архивтегі сурет

Әйелдің ат үстіндегі қауіпті биі жұртты тәнті етті видео

4503
Роликті 160 мыңға жуық адам тамашалап, 800-ге жуық пікір қалдырған

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik. Instagram әлеуметтік желісінде аттың үстінде тұрып би билеген әйелдің видеосы танымал бола бастады.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от OMKS 📺 VIDEO (@omks_video)

Видео "Даже молодые так не могут" деп аталады. Әйел 30 секунд бойы аттың үстінде тұрып билейді. Құлап кетуден еш қорықпайтыны байқалады.

Бұл роликті 160 мыңға жуық адам тамашалап үлгерген. Видеоның астында жүздеген пікір қалдырыпты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Тағы оқыңыз: Жиырма секундтық видео сәбидің өмірін құтқарды

Желі қолданушылары әйелдің батылдығына таңғалып, мұндай трюкті қайталамауын сұрады.

4503
Кілт сөздер:
әйел, биші, инстаграм жұлдызы, ат
Тақырып бойынша
Сәби әлі жүре алмайды, дегенмен бидің түбін түсіреді – күлкілі видео  
Пиджагін шешіп, бір қолға тұра қалған елші президентті күлдірді - фото
Енесінің үйіне барғысы келмеген еркек әйелінен оңбай таяқ жеді – видео
Маңғыстау облысында ат тепкен балаға ота жасалмақ
Ресейде ең үздік қазақ әжесі анықталды - фото
Садыр Жапаров

Қырғызстан премьері президент міндетін атқаратын болды

94
Премьер-министр қызметіне кіріскен Садыр Жапаров парламент спикері президент міндетін атқарудан бас тартқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан — Sputnik. Қырғызстан парламентінің спикері Қанат Исаев президент міндетін атқарудан бас тартты, деп мәлімдеді Ескі алаңда митингіге шыққандармен кездескен премьер-министр Садыр Жапаров.

"Президент өкілеттілігі маған тапсырылды", - деді үкімет басшысы. 

Еске сала кетсек, Қырғызстан президенті болған Сооронбай Жээнбеков бүгін отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.

Президент отставкаға кеткенде Қырғызстан президенті міндетін Жогорку Кенеш спикері атқаратынын жазған болатынбыз.

94
Тақырып бойынша
Сандарды "сөйлеткен" Құралай Бақытқызы Қырғызстандағы тұрақсыздықтың себебін болжады
Тоқаев пен Путин Қырғызстандағы оқиға жөнінде сөйлесті
БҰҰ Бас хатшысы Қырғызстандағы жағдайға түсініктеме берді
Ақорда Қырғызстандағы оқиға туралы бірлескен мәлімдемені жариялады
Қырғызстандағы дүрбелең басталған бір аптада қандай оқиғалар болды?
Қырғызстан туы

Жээнбеков отставкаға кетеді: Қырғызстан президенті міндетін кім атқарады

61
(Жаңартылды 16:43 15.10.2020)
Бүгін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кететінін мәлімдеді. Елдің басты заңы бойынша президент өкілеттігі тоқтаған күннен бастап үш ай ішінде сайлау өтеді

АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кететінін жариялады. Жаңа мемлекет басшысы сайланғанша Конституция бойынша оның қызметін Жогорку Кенештің төрағасы атқарады, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

"Президент өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, жаңа президент сайланғанға дейін оның өкілетін Жогорку Кенеш төрағасы атқарады", - делінген Қырғызстанның Конституциясында.

Бұл қызметті кеңес төрағасы атқара алмайтын жағдайда президент өкілеттігі премьер-министр немесе министрлер кабинеті басшысының міндетін атқарушы орындайды.

Сондай-ақ, елдің басты заңы бойынша президент өкілеттігі тоқтаған күннен бастап үш ай ішінде сайлау өтеді.

Осы орайда президент өкілетін атқаратын адам Жогорку Кенеште мерзімінен бұрын сайлау уақытын бекітуге, үкіметті отставкаға жіберуге, мемлекет басшысы лауазымына кандидат болуға құқығы жоқ.

Спикер Жогорку Кенеша Канат Исаев
Sputnik
Қырғызстан президенті міндетін атқарушы Қанат Исаев

Айта кетейік, 15 қазанда Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ал Қанат Исаев бірнеше күн бұрын Жогорку Кенештің спикері лауазымына сайланған болатын.

Жээнбековтің отставкаға кетуі үшін митингіге шыққандар парламенттің таратылуын да талап етіп отыр.

61
Кілт сөздер:
отставка, президент, Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Сандарды "сөйлеткен" Құралай Бақытқызы Қырғызстандағы тұрақсыздықтың себебін болжады
Ақорда Қырғызстандағы оқиға туралы бірлескен мәлімдемені жариялады
Тоқаев пен Путин Қырғызстандағы оқиға жөнінде сөйлесті
Қырғызстан президенті отставкаға кететінін мәлімдеді
Қырғызстанда арнайы қызметтер жаңа басшыға бағынбай, ғимараттан шығарып жіберді
Көлік қозғалысы

Нұр-Сұлтанда жаңа біржақты көше пайда болады

0
Бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданған

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 25 қазаннан бастап Family village ауданында Е652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданды. 

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, осы учаскелердің жол-техникалық жағдайын тексерген.

"Қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта болады. Белгіленген учаскеде бір бағытты қозғалысты енгізу көлік легінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге, қарсы бағытпен қақтығыс жағдайын азайтуға, жол апатын болдырмауға мүмкіндік береді", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар бұл өзгеріс жол қозғалысын оңтайландыру үшін және көше-жол желісіне жүктемені азайту мақсатында енгізіліп отыр.

0
Кілт сөздер:
көлік қозғалысы, көше, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Көше сыпырып кеткен: Әблязовтің елге оралған сыбайластарының тағдыры белгілі болды
Нұр-Сұлтанда ерекше көше қиылысы пайда болды – видео
Америкалықты бір соққымен құлатқан қазақ па? Көше төбелесінің видеосы
Бұрынғы кәсіби футболшы көше сыпырып кетті – видео
Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады