Зорлық-зомбылық

Әйелін қызғанған ер адам жантүршігерлік қылмысқа барды

5729
Әйелдің екі кішкентай баласы қалды

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз - Sputnik. Өзбекстанда қызғаншақ ер адам әйелін аса қатыгездікпен өлтірді.

Күйеуі әйелін 19 рет пышақтаған, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, күйеуі әйелі көзіне шөп салды деп күдіктенген. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - деп  жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Ер адам ұсталды.

Тағы ұстаңыз: Алматыда белгілі әртістің әйелі күйеуінен көрген қорлығын жайып салды

Әйелдің екі кішкентай баласы қалды. Үлкені – төртте, кішісі бір жаста.

5729
Кілт сөздер:
қылмыс, ер адам, қызғаныш, әйел
Тақырып бойынша
Ер адам үйлену тойынан кейін әйелін жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды
Орға өзі түсті: Қызғаншақ еркек әйелін аңдимын деп ел-жұртқа масқара болды
"Көзіме шөп салды": Талдықорған тұрғыны әйелін өлтіріп, досын көмекке шақырған
Жантүршігерлік видео: Жігіт келіншегін 12 метр биіктіктен лақтырып жіберді
Алматыда әйелін соққыға жыққан әртіс қамауға алынды
Таразы, архивтегі сурет

134 кг болған: жас жігіт 60 келі артық салмақтан арылды видео

738
Бір жыл бұрын бұл жігіттің салмағы 134 келі болған. Алайда ол бар болғаны бір жыл ішінде алпыс келіге арықтады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қырғызстандық Орозбек Мейманбек уулуның салмағы бір жыл бұрын 134 келі болған. Ол өзі артық салмақтан арылып, өзгелерге үлгі болып жүр.

Жігіт жас кезінде арық болған, алайда 5-сыныпта салмақ қоса бастады. 16 жасында 93 келі, бірер жылдан соң салмағы 134 келіге жетті, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Орозбектің айтуынша, артық салмақ салдарынан тыныс алу қиындаған. Қозғалып, дұрыс ұйықтаудың өзі арманға айналған. Сол кезде жігіт спортзалға барамын деп шешті. 

"Бәрі дұрыс тамақтанбау салдарынан туындады деп ойлаймын. Мен фастфудты көп жедім... Бастапқыда жаттығу қиын болды, сүйектерім ауырды. Кейін дәрумендер іше бастадым. Алғашқы айда 13 келіге арықтадым, бірден өзіме деген сенім пайда болды", - дейді Орозбек.

Жігітке пауэрлифтингтен Қырғызстанның абсолютті чемпионы - кәсіби бапкер, бодибилдингтен Азия чемпионы Келдибек Атайбек уулу көмектесіп жүр.

Чемпион жаттықтырған адамдар ішінде арықтау көрсеткіші бойынша Орозбек рекорд орнатты. Жаттықтырушының айтуынша, жігіт өзі ғана артық салмақтан арылып қана қоймай, өзгелерге үлгі болып жүр.

"Мен арықтаған кезде анам қатты қуанды. Туыстарым мен достарым өте таңғалды. Жастардың көп уақыты телефон мен компьютерге кетеді. Күніне бір сағатты жаттығуға арнасаңыз тиімділігі мен пайдасы көп болады", -  деді Орозбек.

Енді ол тағы біршама арықтап, әскерге бармақ. Бұдан соң Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің академиясына оқуға түсуді жоспарлап отыр.

738
Кілт сөздер:
жас жігіт, видео, артық салмақ
Тақырып бойынша
"Адам танымастай өзгерді": хирург бір көліктің құнына ота жасатқан қыз туралы айтып берді
"Өзімді басқаша сезінемін": жігіт 3 жылда адам танымастай өзгеріп кетті - фото
Қыста артық салмақ жинамау үшін не істеу керек – дәрігер құпияны ашты
Ғалымдар артық салмақ пен коронавирус арасында қандай байланыс барын айтты
110 келіге арықтады: белгілі дәрігер салмақтан арылудың бірегей тәсілі туралы айтты
Қырғызстандағы сайлау, архивтегі фото

Қырғызстанда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

361
(Жаңартылды 14:03 24.10.2020)
Елдің орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарында өткізу туралы шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Біз кеше президент әкімшілігінің басшылығымен конституциялық заңның талаптары жайлы сөйлестік, оған сәйкес бұл сайлау ОСК және басқа да органдардың қандай да бір шешімінсіз-ақ тағайындалған болып саналады. Конституцияда солай жазылған. Біз тек күнді белгіледік", - деді ОСК төрағасы Нұржан Шайлдабекова.

Оқи отырыңыз: Қырғызстанның экс-премьеріне іздеу жарияланды

Айта кетейік, осы күні Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауын өткізу жоспарланып отыр.

361
Кілт сөздер:
Қырғызстан, президент сайлауы
Тақырып бойынша
Қырғызстан азаматтары Қазақстанға заңсыз өтпек болды
Тоқаев: Жээнбеков – Қырғызстанның легитимді президенті
Отбасымен қамауға алынды: Қырғызстанның экс-президентіне қатысты ақпарат тарады
Қырғызстан премьері президент міндетін атқаратын болды
Қазақстан сыртқы істер министрі Қырғызстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев, архивтегі сурет

Алмазбек Атамбаев аштық жариялады

0
Саясаткер 5-6 қазанда уақытша босатылғанға дейін бір жылдан астам уақыт МҰҚК-тің тергеу изоляторында отырды. 10 қазан күні ол қайта ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторынан №1 тергеу изоляторына ауыстырылды. Қырғызстанның экс-президентінің адвокаты Сергей Слесарев оның аштық жариялағанын мәлімдеді.

Саясаткерді не үшін басқа изоляторға ауыстырғаны әзірге белгісіз, мемлекеттік жазаны орындау қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Біз медициналық қызмет алу үшін Алмазбек Шаршенұлын № 47 колонияға ауыстыруын сұраған едік. Бірақ, оны СИЗО–1-ге, жертөленің орын-жайына ауыстырды, ол жерде бұрын өлім жазасына кесілгендерді ұстайтын. Кәріз жүйесі жұмыс істемейді, камераның есіктері ашық, жылу жақында ғана қосылды. Осыған байланысты бүгін менің қорғалушым аштық жариялады", - деді Слесарев.

Қырғызстандағы оқиға

5 қазан күні Бішкекте Жогорку Кенеш сайлауының нәтижелеріне қарсы митинг өтті. Кешке таман наразылық білдіргендер мен милиция арасында қақтығыс басталып, мыңдаған адам зардап шекті, біреуі көз жұмды. Түнде митингке шыққандар парламент ғимаратын басып алды, кейін Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастарын, Садыр Жапаров пен түрмеде отырған басқа да саясаткерлерді босатты.

10 қазанда Алмазбек Атамбаев пен босатылғандардың бір бөлігі қайта ұсталды.

Бұған дейін ол қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босатқаны үшін сотталған еді. Сот Қой-Таш оқиғалары бойынша қозғалған қылмыстық істі де қарап жатыр.

0
Кілт сөздер:
Қырғызстан, Алмазбек Атамбаев
Тақырып бойынша
Атамбаев 11 қарашаға дейін үйқамаққа алынды
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев ауруханаға түсті